Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1890 материал табылды

Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025

Өңірде жылу беру маусымы басталды

Қысқы 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл бұл шараларды іске асыруға 43 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат негізгі бағыттар бойынша 11 инвестициялық жобаға – 10,2 миллиард теңге, көмір мен мазут сатып алуға – 6 миллиард теңгеден астам, коммуналдық нысандардың жөндеу науқанына – 15,5 миллиард теңге, сондай-ақ, «АРЭК» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС ірі энергия компанияларының жөндеу жұмыстарына – 11,4 миллиард теңге көлемінде бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025

Қоянды ауылында мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстары басталды

Ел ішіндегі күрделі мәселелер біртіндеп шешіліп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етуде, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2025

«Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы

Халық арасындағы ынтамақтастықты нығайту мақсатында Көкшетауда «Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 27 Қыркүйек, 2025

Жұмысшы мамандығы қашанда ардақты

Президент Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіби білім жүйесін реформалау қажет деген еді. Расында, бұл сала оң өзгерістерге мұқтаж. Экономиканың тірегі де – осындай қарапайым, бірақ жауапкершілігі орасан жұмысты атқарып жүрген мамандар. Осы ретте облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен Көкшетау қаласындағы бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысшылар еңбегімен таныстық.

Ауыл • 26 Қыркүйек, 2025

Аң-құсқа абай болайық

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жыл сайын аң-құс арналған азық дайындау ісі тиянақты жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында мүгедектер арбасына арналған электрқосалқы құрылғылар өндірісі іске қосылады

Ақмола облысында отандық өндірушілерді қолдау аясында «Тыныс» акционерлік қоғамы базасында мүгедектер арбасына арналған электрқосалқы құрылғыларын шығару өндірісін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Қыркүйек, 2025

Мамандығына адал наубайханашы

Костычево селосында ұзақ жылдардан бері наубайханашы болып істейтін Светлана Филюк ауылдастарының құрметіне бөленген еңбекқор адам, деп жазады Egemen.kz.

Өндіріс • 26 Қыркүйек, 2025

Сапалы өнім өтімді

Биыл Шортанды ауданының экономикасына 5 млрд теңгеден астам инвестиция құйылыпты. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 85 пайызға жоғары. Мол қаржы аудандағы әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайды жақсартып, шағын және орта бизнестің дамуына да септесті. Бозайғыр ауылын­дағы «Бозайғыр» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі келесі айдан бастап нарыққа сапалы кірпіш ұсынады. Кірпіш болғанда да кәдімгі көз үйренген, күйдірілген кірпіш қана емес, еуростандартқа сай кірпіш.

Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2025

Егінжайдан ескен леп

Ақмола облысында бүгінге дейін 5 миллион тоннадан астам астық жиналды. Барлық егістік алқабының 70 пайызға жуығы бастырылып, ақық дән құт қамбасына құйылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025

Көкшетауда көпқабатты 65 тұрғын үй жылу беру маусымына дайын емес

Облыс орталығында жылу беру маусымы басталып кетті. Әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлер мен өзге де тұтынушылардың, сонымен қатар, жылу энергиясы көздерінің дайындығы Көкшетау қалалық әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.