Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
236 материал табылды

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының кезек­­ті концертінен жұлдыз жамырай шықтық. Енді бір мезет қара барқыт аспанға көзім түскен. Әне бір тана­ның көзіндей жарқыраған үлкен жұлдыз музыка әлемінің марқас­қа­сы Манарбек ағамның, Манарбек Бексейі­тов­тің жұлдызы шығар-ау!

Еңбек • 09 Қаңтар, 2025

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Тасы өрге домалап тұрған «Жайсаң» шаруа қожалығы өз ісін бастағанда үлесіндегі жер телімі тоқымдай ғана еді. Ақ адал еңбегінің арқасында қор жинап, игілігі елге ортақ болып тұр.

Энергетика • 19 Желтоқсан, 2024

Тариф өсіру тығырықтан шығара ма?

Халықтың электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын ұлғайып ке­леді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай елдің әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайы­ның біршама жақсаруымен байланысты. Мәселенің мәнісіне тереңірек көз жүгіртсеңіз, жекелеген аймақтарда электр энергиясын тұтынудың біршама көбейгенін аң­ғаруға болады. Оның ішін­де Көкшетау қаласы да бар. Жергілікті жұрт ащылау әзілдеп, облыс орталығын «аристондар қалашығы» дейтіні де бар.

Табиғат • 04 Желтоқсан, 2024

Көкшенің қысы керемет қандай!

Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан көрікті Көкше қысы да ғажап! Биік көктен билеп ойнап жауған қар мәңгі жасыл қарағайдың ұшар басына қонақтап, сай-саланы толтырып, саф ауа тазара түскендей.

Руханият • 26 Қараша, 2024

Қажеттілік тілдің өрісін кеңейтеді

Жергілікті жұрты өзге тілде көбірек сөйлейтін Көкшетау төңірегінде ана тіліміздің айдарынан жел есетін түрі бар. Кейінгі жылдары түп­қазық ата жұртымыз тұрмақ, өзге ұлттың өкілдері де қазақ тілін үйренуге ден қойып, тәп-тәуір талпыныс жасап келеді.

Шаруашылық • 16 Қараша, 2024

Түлік төресі тақсірет тартпаса екен

Өткен қыс жылқы малына жайсыз болды. Шығын да аз емес. Әсіресе Бурабай, Зеренді, Біржан сал аудандарындағы малсақ қауым қытымыр қыстың қыспағын көп көрді. Әйтсе де шығын болған малына төлемақы ала алмай отыр. Себеп – төтенше жағдайдың жарияланбауы.

Ауыл • 30 Қазан, 2024

Шағын ауылдардың шырайы қалай кірмек?

Ауыл тұрғындары күрт азайып, қартайып бара жатыр. Кейінгі бес жылдың ішінде өңірде 13 ауыл жабыл­ған. Зеренді ауданына қарасты Қарлыкөл ауылындағы қос қабатты, еңселі мектеп сатылғалы жатыр деген суыт хабар жеткеннен кейін ізін суыт­пай іле бардық. Сатылымға шығарылғаны рас екен. Жаңа оқу жылында 19 оқушы қалғаннан кейін білім ошағы жабылған. Бұған дейін ауылдың ортасындағы клуб, балабақша сатылып кеткен. Ендігісі жүзге жуық отбасы тұра­тын, етек-жеңі кең пішілген ауылдағы көзге түсетін жал­ғыз ғимарат – осы мектеп.

Талбесік • 19 Қазан, 2024

Орманы көптің олжасы көп

Өңірдің табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы мекемелері 2021 жылдан бастап биылғы жылдың көктеміне дейін 8,6 мың гектар алқапқа 54,5 миллион көшет отырғызды.

Еңбек • 08 Қазан, 2024

Еңбексіз ырыс кірмейді

«Қазгер құс» серіктестігі жылына 300 млн данадан аса жұмыртқа өндіреді. Құс саны – 1 млн 200 мың төңірегінде. Кәсіпорын мемлекет қолдауының арқасында қанатын кеңге жайып келеді. 2008 жылы алғашқы өнімін тұтынушыларға ұсынған. Сол жылы банктен небәрі 4 пайызбен несие алған. Еңселерін көтерген де – осы демеу.

Шаруашылық • 10 Қыркүйек, 2024

Астық үшін арпалыс

Биылғы егін бітік шықты. Жер емген диқандардың бағамдауынша, кейбір берекелі алқаптардан бұрын-соңды болып көрмеген өнім алынуы әбден мүмкін. Әйтсе де көктен беріп, жерден иген биылғы жылы жауын-шашын көп болып тұр.

Яндекс.Метрика