Алматы • 09 Сәуір, 2023
Алматы колледждері арасында «WorldSkills Almaty-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.
Ғылым • 06 Сәуір, 2023
ҚазҰУ мен СNPC мұнай компаниясымен серіктестікке қол қойды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев ҚХР-дың СNPC мұнай компаниясының Орталық Азия және Қазақстандағы президенті Бянь Дэчжимен кездесіп, ынтымақтастық ұсыныстарын ортаға салды.
Білім • 05 Сәуір, 2023
География пәнінің күрделі жағдайы
Жаңартылған білім бағдарламасы жағдайында Қазақстан географиясы пәнін оқытуда туындаған мәселелерді сала мамандары бірнеше рет талқылап, «Egemen Qazaqstan» газетінде «Байтақ елдің географиясы неге толық оқытылмайды?», «Қазақстан географиясын оқыту әлі шешімін таппады» деген тақырыптармен түйткілді жайттар тарқатылған болатын. Сарапшы мамандардың пікірінше, жалпы білім беретін мектептерде география пәнін оқытудың бірқатар мәселеcі әлі күнге басы ашық күйінде қалып отыр.
Білім • 05 Сәуір, 2023
ҚазҰУ-да Фараби форумы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналған «Әбу-Насыр әл-Фараби тіл философиясы және философия тілі» атты халықаралық Фараби форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Сәуір, 2023
Оқу үдерісін цифрландырудағы олқылық
Республика өңірлерінде интернеттің қолжетімсіздігінен орта білімдегі оқу үдерісін толықтай цифрландыру мүмкін болмай отыр. Ақпараттық технологиялардың жетіспеушілігі қала мен ауыл балаларының білім сапасына да кері әсерін тигізу үстінде.
Университет • 04 Сәуір, 2023
Еліміздегі 8 жоғары оқу орны «QS World University Rankings by Subject» әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді.
Білім • 02 Сәуір, 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты беделді университетінен магистратураға шақырту алды.
Мектеп • 30 Наурыз, 2023
Бүгінде Райымбек батырдың есімімен аталатын Нарынқол ауданына қарасты Шалкөде орта мектебі биыл ғасырлық тойын атап өтуде. 1923 жылы алғашқы мектеп іргесінің қалануымен осы өлкеде бала оқыту ісі жанданып, Алаш қайраткерлерінің халық ағарту ісіне белсене араласуының нәтижесінде білім ошақтарының қатары көбейе бастады. Алғашында 20 бала оқыған мектеп кейіннен іргелі білім ордасына айналды. Бүгінде мұнда 400-ден аса оқушы білім алып жатыр.
Білім • 24 Наурыз, 2023
Қазақстандық ЖОО QS BY SUBJECT рейтингінде көш бастады
QS World University Rankings by Subject 2023 (QS WUR by Subject) әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – қазақстандық және Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында дайындық бағыттарының 14 бағыты және бес пәндік саланың төртеуі бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Марапат • 12 Наурыз, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII халықаралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді.