Аймақтар • 05 Наурыз, 2023
Маңғыстауда соңғы жылдары өңірде көп кездеспейтін аң-құс түрлері ара-тұра көзге түсіп, таңғалдырып келеді.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2023
Маңғыстау облысында цифрлық технологияға өту лебі әр саладан аңғарылып келеді. Жақсы істердің жалғасындай биыл Ақтауда Маңғыстау облысы әкімдігі мен инвесторлар бірлесіп, IT-хаб ашуды жоспарланып отыр. IT-хаб құру облыстағы цифрландыру деңгейін арттырып, ақпараттық-коммуникациялық өнімдерді әзірлеуге көмектеседі.
Халық • 01 Наурыз, 2023
Маңғыстауда биылғы 1 наурыз шынымен-ақ жұрттың жаппай бір-біріне алғыс айтатын күн ретінде атап өтілмек. Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиеваның айтуынша, «Алғыс айту» күніне орай өңірде 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2023
Сайындықтар су әлегінен құтылады
Түпқараған ауданының Сайын ауылында су қондырғысының іске қосылуы үлкен жаңалық болды. Күніне 1 мың текше метр су шығаратын қондырғы «Aura» демалыс кешеніндегі бұған дейін 300 текше метр қуаттылықпен тұшытылатын су көлемін 1300 текше метрге дейін арттырды.
Халық • 26 Ақпан, 2023
Көтерме көмек ауылға барған жас мамандарға беріледі
Маңғыстау облысындағы жас мамандарға үй алуға 5 млн теңгеден көмек беріледі. Осылайша, мұнайлы өңірдегі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 411 маман біржолғы көтерме жәрдемақы және 231 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алуға көмек алады.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2023
Каспий жағасына келушілер көбейеді
Теңіз жағалауындағы Ақтау қаласы мен «жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстауға» қызығушылықпен келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы жаз айларында шетелдік жиһанкездер мен саяхатшылар республика бойынша Ақтауда демалуды, саяхаттауды көбірек таңдаған.
Университет • 16 Ақпан, 2023
Заманға сай жаңаруды, елге, өңірге қажетті сауатты кадрларды дайындауды мақсат еткен Ақтаудағы Yessenov University-інде ірі жоба қолға алынды. Ол – Қазақ-неміс инжиниринг институтын құру жобасы. Тың бастама Президенттің энергетика саласын және баламалы энергетиканы дамыту туралы тапсырмасын орындауға бағытталған.
Білім • 14 Ақпан, 2023
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастап барған делегацияның Лондонда өткен мемлекетаралық мәжілісінде Yessenov University президенті Берік Ахметов үкіметаралық комиссияға ынтымақтастық бағытындағы мүмкіндіктерді таныстырды.
Сауда • 02 Ақпан, 2023
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Маңғыстау – азық-түлігі де, күнделікті тұтынатын тауар түрлері мен коммуналдық қызмет тарифтері де қымбат өңір. Тұрғындар тарапынан мұнайлы өлкеде баға тек мұнайшылардың жалақысына сәйкес қойылған ба деген жауапсыз сұрақтар бар. Бұл уәждің негізі бар. Қымбатшылық, әсіресе, азық-түлік бағасы жиі-жиі көтеріліп, қолға ұстатпай келеді. Бағаның бұлай шарықтауы мұнай саласы мен мұғалімдерден басқалардың – жалақысы төмен сала қызметкерлерінің, көпбалалы отбасылардың, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың қалтасын тықырлатып, жүйкесін жұқарта түсті.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Қазір адам санасынан туындаған ғаламаттарға емес, қанша тырыссаң да түсінікке сыймайтын нәрселерге таңғалумен келеміз. Бұл, әсіресе, адами мінез-құлық, адамгершілік құндылықтарына қатысты. Шетелдің шектен шыққан «хайптары» емес, өз елімізде бірінен соң бірі орын алып жатқан шетін оқиғалардың шеті жоқ – жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің.