Экспорт • 12 Ақпан, 2026
Түйе сүті шетел нарығына шығады
Құнары мол түйе сүті жергілікті халық арасында жоғары сұранысқа ие. Осы сұранысты өтеу мақсатында өңірде жуырда құрғақ түйе сүтін өндіретін цех іске қосылды. Жаңа өндіріс орны өнімді ұзақ мерзім сақтауға мүмкіндік беріп, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге жол ашады.
Байқау • 12 Ақпан, 2026
Әбіш әлемімен танысқан оқушылар
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының балалар бөлімі ай сайын «Артық білім – кітапта» атты сайыс өткізіп тұрады. Бұл жолғы байқау 12–13 жастағы балалар арасында ұйымдастырылды. Кішкентай оқырмандарға Бақтыбай Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» деген кітабын үйден мұқият оқып келіп талдау және сұрақтарға жауап беру ұсынылды.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
2026 жылғы 16 қаңтарда түнгі сағат 01.00 шамасында Ақтау қаласынан Бейнеу бағытында жолға шыққан, ішінде 50 жолаушысы бар автобус аударылып, оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Кейінірек ауруханаға жеткізілгендердің қатарынан тағы бір адам көз жұмды.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2026
Түйе сүті мен тарыдан – дәмді кофе
Дертке дауа табиғи түйе сүті кофе дайындауға қолданыла бастады. Маңғыстауда жаз айында ашылған «Бота» кофеханасына келушілер саны артып келеді. Өйткені ерекше және жаңа тәсілмен, табиғи таза сүтпен дайындалған кофенің дәмін татуға қызығатындар көп.
Кәсіпкер • 28 Қаңтар, 2026
Кәсіпкерлерге қолайлы экономикалық алаң
Ақтаудағы «Ақтау теңіз порты» АЭА кәсібін өркендетемін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосамын деген кәсіпкерлерге қолайлы алаңға айналды.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасы өткен жылдың соңына таман Маңғыстау өңірінде өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген болса, жыл соңында өңірде жоба аясында жоспарланған барлық 13 мектеп толық іске қосылды.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынып, бүкіл ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Маңғыстау облысында жүйелі жүргізіліп келеді. Жуырда тазалық акциясы аясындағы «Таза Маңғыстау» жобасы биылғы жылды сәтті қорытындылады. Ал жыл аяқталар сәтте өңірге жаңа қоқыс шығару техникалары келіп жетті.
Медицина • 13 Желтоқсан, 2025
Ақтауда алғаш рет трансплантация жасалды
Ағза мүшелерін трансплантацияға алуға келісу – марқұмның туыстарына аса ауыр жағдай, ал оны келесі науқасқа орналастыру дәрігерлерден ерекше күш-жігер, білім-білікті қажет етеді. Ақтау қаласында алғаш рет қайтыс болған науқастың жүрегіне донорлық операция жасалды.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Ауызсу жеткізудің ілкімді жобалары
Маңғыстау өңірінде ауызсу мәселесін шешуге қатысты түрлі жоба қауырт қолға алынып, жүйелі атқарылып жатыр. Жерасты суларын пайдалану, ащы суды тұшыту, су тұшытатын зауыттар салу – осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі.
Тұлға • 06 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының туған күні 6 желтоқсан – Маңғыстауда әдебиет мерекесіне айналды. Биыл жазушының өмірден өткеніне (11 желтоқсан) 10 жыл екен. Осы орайда өзі еңбек еткен, тұрақты авторы әрі оқырманы болған сүйікті газеті «Egemen Qazaqstan» арқылы «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітап шыққанын жарияламақпыз.