Аймақтар • 30 Қаңтар, 2026

Түйе сүті мен тарыдан – дәмді кофе

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дертке дауа табиғи түйе сүті кофе дайындауға қолданыла бас­тады. Маңғыстауда жаз айында ашылған «Бота» кофеханасына келушілер саны артып келеді. Өйткені ерекше және жаңа тәсілмен, табиғи таза сүтпен дайындалған кофенің дәмін татуға қызығатындар көп.

Түйе сүті мен тарыдан – дәмді кофе

Кофехананың «Бота» ата­луының өзінде мән бар. «Ботаның» өнімі – түйе сүтінен дайындалып, тары қо­сылған ерекше дәмді кофе. Кәсіпкер Әсем Мұхатбекованың айтуынша, жаңа өнімді әзірлеу барысында бір­неше нұсқа дайындалып, сынама­дан өткен. Алғашында түйе сүтін қайнатып, кейін салқындатып да­йын­дау тәсілдері қаралды. Нәти­же­сінде, сүтті салқындату арқы­лы жа­салған әдіс ең тиімді деп шешіліпті.

«Кофехана былтыр 25 шілде күні ашылды. «Бота» ассоциа­циясы жылы, жағымды әрі ұлт­тық мәдениетімізге жақын бол­ған­дықтан, кофехананың тұжы­рымдамасына толық сәйкес келді. Осы атаудан кейін түйе сүтінен өнім жасау идеясы туындады. Түйе сүтін әртүрлі тәсілмен дайындап көріп, сынадық. Нәтижесінде, ерекше әрі үйлесімді дәм таптық. Кейін түйе сүтінен кофе дайындап, оған тары және шәрбат қосу арқылы жаңа дәм қалыптастырдық», деді Әсем Мұхатбекова.

Қазір мұнда ерекше кофенің дәмін татуға келушілер саны артып келеді. Олардың шамамен түгел­ге жуығы жаңа өнімге оң баға­сын беріп, ризашылығын білдіреді екен. Себебі табиғи тағамды аң­сайтындар, түйе сүтінің пайдалы қасиеттері, лактозаның жеңіл сіңуі және құрамы туралы білетіндер кофенің тұрақты тұтынушысына айналып үлгерген.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар