
Спорт • 12 Мамыр, 2023
Теннис орталығына айналатын шаһар
Шымкентте 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне тұспа-тұс келген Ұлттық теннис орталығындағы Juniors Billie Jean King және Дэвис кубоктары үшін жасөспірімдер арасында Азия және Океания елдерінің Әлем чемпионатына іріктеу турнирі де өз мәресіне жетті. Халықаралық жарыста әлемнің 16 мемлекетінен 48 спортшы бақ сынады. Олардың ішінде Қазақстан құрама командасының мүшелері, Әлем кубогының, Азия чемпионатының және Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Спорт • 10 Мамыр, 2023
Бұқаралық спорт және ұлт саулығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» деген болатын.
Әскер • 06 Мамыр, 2023
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған жиын Мемлекеттік Туды салтанатты көтерумен басталды. Сонымен бірге Мемлекеттік Әнұранымыз да қоса шырқалды. Осындай көңілдегі ауан көпшіліктің рухын бір көтеріп тастады.
Қоғам • 04 Мамыр, 2023
Ұлттық тәрбие және сабақтастық
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде белгілі қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жұлдызын көктен жарқыратып, ата-баба мұраларының асылын теріп, келер ұрпаққа қалдырып кеткен ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков атындағы орталық ашылды. Осынау маңызды бастама Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен оқу ордасында «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» деген тақырыпта ұйымдастырылған республикалық форум аясында жүзеге асты.
Мереке • 04 Мамыр, 2023
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Шымкент қаласында ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Елімізде тұрып жатқан сан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымағын паш ететін мерекеге арналған кеш мегаполистің «Қиял Әлемі» саябағында «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шарамен айшықталды.
Сұхбат • 26 Сәуір, 2023
Тақтатас мұнайды тұңғыш өндіруші
Биыл негізгі қызметі – көмірсутегі шикізатын барлау және өндіруге бағытталған «Саутс Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20 жыл толды. Осыған орай, компания халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыруды үйғарып отыр. Осы келелі басқосу қарсаңында «Саутс Ойл» ЖШС президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі Серікжан Сейітжановпен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Әкімдік пен Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты
Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарлама «Qamqor» деп аталады. Оның шарттарына сай 10 пайыздық алғашқы жарнамамен тұрғын үй алуға мүмкіндік туып отыр. Бағдарлама бойынша несиелендірудің бірінші траншы 3 млрд теңгені Шымкент қаласының әкімдігі бөліп отыр.
Инвестиция • 14 Сәуір, 2023
Инфрақұрылым қуаты – инвестицияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында «Біз еліміздің инфрақұрылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын. Құжатта осы саладағы басты мәселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет» деген еді.
Медицина • 13 Сәуір, 2023
Медицина саласы жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шымкентке Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында бірінші вице-министр бірқатар медициналық нысанда болды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2023
Шымкент мұнай өңдеу зауыты қайта жанданды
Еліміздегі үш ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС көктемнің басында жоспарға сай ағымдағы жөндеуге байланысты өндірісін уақытша тоқтатқан еді. Енді жөндеу мезгілінің бітіп, қондырғыларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына орай кәсіпорын бұрынғыдай қызметіне қайта кірісіп отыр. Бұл жөнінде зауыт басшылығы арнайы мәлімдеме жасады.