Спорт • 09 Маусым, 2025
Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады
Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Үстел теннисінен Косоводағы турнир аяқталды
Кеше Косовоның астанасы – Приштинада үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста ел намысын Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Әлемдегі ең құнды футболшы кім?
Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) қазіргі кездегі әлемдегі ең құнды футболшылардың рейтингін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Боксшылар Нидерландта күш сынасады
6-9 маусым аралығында Нидерландта бокстан «Eindhoven Boxcup» деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындарының мәселесі талқыланды
Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Риядта 2025 жылдың күз айларында алауы тұтанатын VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының делегация басшыларына арналған семинар (Chief de Mission Seminar) ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Маусым, 2025
Арулар Азия чемпионатында алты жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың мықтылары жиналатын жарыста Қазақстан құрамасы алты жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте төртінші орынға табан тіредік. Алдымызда Китай (19 алтын+ 9 күміс+ 4 қола), Үндістан (8+9+6) және Жапония (5+11+12), деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Маусым, 2025
Грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің иегерлері анықталды
Астанада өткен Қазақстан кубогін грек-рим күресі шеберлері қорытындылады. Жарыстың жалпы командалық есебінде жергілікті апайтөстер көш бастады. Алматы облысы екінші орын алса, қостанайлықтар үшінші сатыға жайғасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Майк Тайсон мен Федор Емельяненко Қазақстанда күш сынасады
Атағы жер жарған кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның жасы 58-ден асса да, әлі де жұдырықтасып жүргені белгілі. Соңғы рет ол былтырғы жылдың қараша айында америкалық актер, блогер, шоумен Джейк Полмен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Еркін күрестен Қазақстан кубогінің иегері анықталды
Астанада еркін күрестен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Биыл күзде Загребте жалауы желбірейтін әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынған жарысқа Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұханнан басқа балуандардың барлығы қатысты. Ұлттық құрама бапкерлері дүниежүзілік додаларда дараланған дүлдүлдерге жеке бағдарлама бойынша даярлануларына рұқсат беріпті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Күні кеше Семей өңірінен «50 жасқа қараған шағында Қайрат Күнсафин бақилық болды» деген суық хабар жетті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ол еліміздің ең белді самбошылардың санатында еді. Әуелі жасөспірімдердің, одан кейін жастардың әлем чемпионатында бас жүлдені олжалап, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды. Бірақ нағыз жалындап тұрған шағында Қайрат өкпе дертіне шалдығып, үлкен спортан қол үзді. Десек те арманы асқақ жігіт қиындыққа мойыған жоқ. Оны өзіне берілген сынақ деп қабылдады. Керсінше, қайта қатарға қосылу үшін барынша күресті. Ақыры жаман аурудан арылғаннан кейін бауыры ыстық боз кілемге қайта оралды. Жай оралып қана қоймай, ересектер дуында өзін түбегейлі мойындатты. Күнсафин ел чемпионы атанып, әлем чемпионатында қола медальді мойнына ілді. Сөйтіп, кейіпкеріміз адамның мүмкіндігі шексіз екенін тағы бір дәлелдегендей болды.