Спорт • Кеше

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Сайтамасында аралас жекпе-жектен RIZIN турнирі өтті. Басты бәсекелердің бірінде отандасымыз, жартылай жеңіл салмақтағы Қаршыға Дәуітбек (18-3) жапониялық Юто Кубомен (5-2) күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Күн шығыс елінде қарсылас шақ келтірмей жүрген қазақтың қайсар ұлы айқасты қарқынды бастап, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. Рингті шыр айнала қашқан Кубо Қаршығаның қасақана түрде көзін шұқып алудан басқа амал таппады.

Қазылар жергілікті спортшыны шеттеткеннің орнына «жекпе-жек өтпеді» деген шешім шығарды. Әрине, бұл өкінішті.

Егер қандасымыз осы айқаста жеңіске жеткен жағдайда онда ол аталған промоушеннің чемпиондық белбеуі үшін таласатын еді. 

Соңғы жаңалықтар