Күрес • 20 Қыркүйек, 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарында Қазақстанның балуандары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Футбол • 19 Қыркүйек, 2023
Елімізде ең көп жалақы алған футболшылар
Отандық «Дядя Ваня» деп аталатын телеграмм-арна Қазақстан чемпионатының тарихында ең көп жалақы алған футболшылардың тізімін жариялады.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
Қазақстанның әр өңірінде еркін күрестің үйірмелері бар. Сол жерлерден жыл сайын жүздеген түлек түлеп ұшады. Бірақ осы күнге дейін спорттың осы түрінен біздің елден бірде-бір әлем чемпионы шықпаған еді. Бұл жағдай жергілікті жанкүйерлердің көңіліне селкеу түсірді. Сол олқылықтың орны кеше толды. Сербияның астанасы – Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан барлық қарсыласын қоғадай жапырып, төрткүл дүниенің теңдессіз балуаны деп танылды.
Хоккей • 19 Қыркүйек, 2023
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымын сәтсіз бастап, қатарынан бес бәсекеде ұтылған Астананың «Барысы» соңғы екі ойында өз көрермендерін қуантты.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
Велоспорттан «Испания Вуэльтасы» аяқталды. Ең соңғы 21-кезең 72 жылдық тарихы бар әйгілі Ла-Сарсуэла ипподромынан бастау алып, Мадрид қаласында өз мәресіне жетті.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
Санаулы күндерден кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның дзюдошылары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл жолы 14 жерлесіміз жарыс көрігін қыздырады.
Теннис • 19 Қыркүйек, 2023
Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен Дэвис кубогінің плей-офф сайысында Қазақстанның теннисшілері Болгария құрамасын 3:1 есебімен ұтып, 2024 жылдың ақпан айында өтетін іріктеу турнирінің финалында күш сынасу құрметіне ие болды.
Футбол • 18 Қыркүйек, 2023
Жексенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17 турының тағы екі ойыны өтті. Талдықорғанда «Жетісу» «Қайратты» және Қарағандыда «Шахтер» «Қайсарды» қабылдады.
Күрес • 18 Қыркүйек, 2023
Бұл күндері күрес түрлерінен Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күні еркін күрес шеберлері алғашқы жүлделерді сарапқа салды. Біздің балуандар арасынан Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін таласса, Өсімжан Дастанбек жұбаныш белдесулерде бақ сынады.
Күрес • 18 Қыркүйек, 2023
Сербияның астанасы – Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста түрлі-түсті медальдардан бөлек, 18 олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша 90 жолдама сарапқа салынады. Яғни 2024 жылы Парижде алауы тұтанатын ғаламдық додаға қатысуды мақсат тұтқан балуандар дәл осы байрақты бәсекеде алғашқы бестіктен көрінуге тиіс.