Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2024

Әділ қолаға қол созды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Дрезден қаласында шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңдік сайысының шымылдығы түрілді.

Әділ қолаға қол созды

Қазақстанның белді спортшыларының бірі Әділ Ғалиахметов 1 000 метр қашық­тық­тың финалында бақ сынады. Мәре сы­зығын үшінші болып қиып өткен қанда­сымыз қола медальды мойнына ілді. Әділ тек Оңтүстік Кореяның қос саңлағы – ересектер мен жастар арасындағы әлем чемпио­ны, Дүниежүзілік Универсиаданың үш дүркін жеңімпазы Пак Дживон мен көптеген халық­аралық додада дара шыққан Чан Сунвудан ғана қалып қойды.

500 метрлік сайыста тәжірибелі Денис Никиша көмбеге бірінші болып жетті. Алай­да төрешілер «ережені өрескел бұзды» деген желеумен жерлесімізді бас жүлдеден айырды. Соның кесірінен Денис бесінші орынды қанағат тұтты.