Спорт • 19 Ақпан, 2026
Нью-Делиде нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы 26 жүлдемен (3 алтын, 16 күміс, 7 қола) қорытындылады. Жалпы командалық есепте мергендеріміз екінші орынды еншіледі. Бірінші орынды Үндістан олжаласа, үшінші сатыға Өзбекстан табан тіреді.
Шахмат • 19 Ақпан, 2026
Бибісараның табысы – 10 668 доллар
2026 жыл табалдырықтан аттағалы бері түрлі турнирге қатысу арқылы ең көп табыс тапқан шахматшылардың тізімі жарияланды.
Спорт • 14 Ақпан, 2026
Нысана көздеуден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бас жүлде олжалады.
Күрес • 12 Ақпан, 2026
Алты балуан жеңіс тұғырына көтерілді
Сербияның астанасы – Белградта күрес түрлерінен «Zagreb Open» турнирі аяқталды. Жарыста еліміздің 30-дан аса балуаны күш сынасты.
Олимпиада • 12 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпия ойындарында тағы бірнеше спорт түрлерінен бәсекелер өтіп, медальдар жиынтығы сарапқа салынды.
Бокс • 12 Ақпан, 2026
Испанияның Ла-Нусия қаласында ұйымдастырылған халықаралық турнирде еліміздің 11 боксшысы финалға дейін жетті.
Олимпиада • 10 Ақпан, 2026
Жұмадан сенбіге қараған түні Италияның Милан қаласында ғасырлық тарихы бар, 77 мың көрерменді сыйдыра алатын әйгілі «Сан-Сиро» стадионында XХV қысқы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Одан бөлек, салтанатты шара Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо, Предаццо қалаларында да ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылымдар, әсем әндер, құттықтау сөздер айтылғаннан кейін қатысушы 93 мемлекеттің спорттық делегация мүшелері сап түзеді. Рәсімде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әміренова ұстап шықты.
Теннис • 10 Ақпан, 2026
Астанада ерлер арасындағы Дэвис кубогінің І Әлемдік тобындағы плей-офф сайысында еліміздің құрамасы Монако құрамасымен шеберлік байқасты.
Олимпиада • 06 Ақпан, 2026
Миланда Олимпиада алауы тұтанады
Бүгін Италия жерінде, сән-салтанаттың ордасы Милан, Альпінің асқақ шыңдары аясындағы Кортина-д’Ампеццо қалаларында төртжылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындарының шымылдығы түріледі.
Спорт • 06 Ақпан, 2026
Юлия тағы да атой салуды армандайды
Төртжылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын саңлақтардың арасындағы ең атақтысы – Юлия Галышева. Ол – қазіргі ұлттық құрама сапында Олимпиада жүлдесіне ие болған жалғыз спортшы.