Спорт • 25 Ақпан, 2020
Азия чемпионаттарында грек-рим күресінен бүгінге дейін қанша жүлде алдық?
1993-2020 жылдар аралығында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Азия чемпионатында 25 мәрте күш сынасты. Сол кезден бері біздің балуандар 37 алтын, 32 күміс және 52 қола медальді олжалады. Барлығы – 121 жүлде.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Футбол: Суперкубок кімге бұйырады?
Футболдан Қазақстан Суперкубогының иегері «Астана» мен «Қайсар» арасындағы матчта анықталады. Бұл бәсеке 29 ақпанда Қостанайдағы «Тобыл Аренада» өтеді.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Теннис: Юлия Путинцева Дохадағы доданы жеңіспен бастады
Бұл күндері бірқатар мемлекеттерде теннистен халықаралық турнирлер өтуде. Бұл бәсекелерде Қазақстанның да өкілдері шеберлік байқасуда.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Шайбалы хоккей: Гагарин кубогы үшін таласатын 15 команда белгілі
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф додасында күш сынасу құқығына ие болған 15 команда анықталды. Тағы бір жолдаманы бүгін Нижнекамскінің «Нефтехимигі» жеңіп алды.
Күрес • 25 Ақпан, 2020
Күні кеше ғана Үндістанның астанасы – Нью-Делиде аяқталған Азия чемпионатында Қазақстанның балуандары табысты өнер көрсетті. Аталған жарыста жерлестеріміз 5 алтын, 2 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Осылайша күрестің үш түрі бойынша да еліміздің ұлттық құрамасы сары құрлықтағы ең үздік командалардың санатына қосылды.
Спорт • 24 Ақпан, 2020
Велотректен әлем чемпионаты басталады
26 ақпанда Германияның Берлин қаласында велотректен әлем чемпионаты басталады.
Кәсіпқой бокс • 24 Ақпан, 2020
Кәсіпқой бокс: Дубайда қос жерлесіміз жұдырықтасады
6 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Rotunda Rumble 3» деп аталатын кәсіпқой бокс кеші өтеді.
Футбол • 24 Ақпан, 2020
Футболдан Қазақстан кубогының кестесі жарияланды
Биыл футболдан өтетін Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың бастапқы кезеңінің кестесі жарияланды.
Спорт • 24 Ақпан, 2020
Алматыда қысқы жүгіру жарысы өтті
Алматы қаласында дәстүрлі қысқы жүгіру жарысы өтті. 10 жастан асқан балалардан бастап, егде тартқан қарияларға дейін бұл бәсекеде бақ сынады. Барлығы 1 500 қатысушы.
Күрес • 24 Ақпан, 2020
Күрес: Азия чемпионатында ең табысты өнер көрсеткен командалар
Күрес түрлерінен Үндістанның астанасы – Нью-Делиде аяқталған Азия чемпионатының қорытындысы бойынша төменде аталған командалар барынша табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте үздіктер қатарынан көрінді.