Спорт • 29 Шілде, 2020
Нұрмағомедов пен Гэтжи 24 қазанда айқасады
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағомедов пен "уақытша чемпион" белбеуінің иегері Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда өтетін болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Шілде, 2020
Мол табыс әкелген кәсіпқой боксшылардың жекпе-жегі
World Boxing News порталы телетрансляция арқылы кәсіпқой бокс тарихындағы ең мол табысқа кенелген жекпе-жектердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 28 Шілде, 2020
Көзден кетсе де, көңілден кетпейтін ерек тұлғалар болады. Сондай абзал азаматтардың бірі – Сержан Омаров еді. Жер жаһанды жайлаған аты жаман індет белең алып тұрған тұста ол фәниден бақиға аттанды. Жаны жайсаң жігіт небәрі 47 жыл ғұмыр кешті. Негізі бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Өзгелерді айтпағанда, спорт саласының басы-қасында жүрген азаматтардың өздері Сержан Бостанұлын көзі тірісінде-ақ көптеген дүбірлі додаларда дараланған белді балуан, талай дарынды жастың томағасын сыпырған білікті бапкер және парасат-пайымы мол іскер басшы ретінде түбегейлі мойындады.
Спорт • 20 Шілде, 2020
Дзюдо күресінен өтетін Азия чемпионаттарына Қазақстанның әйелдер құрамасы 1993 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді. Сол аралықта аруларымыз айды аспанға шығармаса да, азды-кемді табыстарға қол жеткізді. Ең бастысы, бұрымдыларымыз түрлі-түсті медальдардың барлығын да иеленді. Бүгінгі мақаламызда біз құрлықтық жарыстың тарихына қысқаша шолу жасай отырып, күрестің бұл түрі Азияда қалай дамып жатқаны жайында біраз мағлұмат беруді жөн көрдік.
Спорт • 16 Шілде, 2020
Дзюдодан Азия чемпионаты 1966 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Қазақстан бұл дүбірге тоқсаныншы жылдардың басында, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін қосылды. Сол себепті де біз бүгінгі мақаламызда 1993-2019 жылдар аралығында өткен жарыстарға тоқталып, әр елдің ерлер құрамасының сол кезеңде қол жеткізген жетістіктері мен отандық дзюдошыларымыздың бағындырған белестері жайында баяндауды құп көріп отырмыз.
Күрес • 02 Шілде, 2020
Ең «жас» және ең «кәрі» (Олимпиада чемпиондары кімдер?)
Күрес түрлерін серік еткен кейбір жалынды жігіттер 20 жасында-ақ дара талантымен оқшауланып, Олимпия ойындарының алтын тұғырына көтеріледі. Басқа бір балуандарға сол белес 40 жастан асып, ардагерлер санатына қосылған шағында ғана бағынады. Бір сөзбен айтсақ, бақ пен даңқ, атақ пен абырой біреуге ерте, біреуге кеш қонады. Бүгінгі әңгімеміз еркін күрес пен грек-рим күресі шеберлерінің арасында Олимпиада чемпионы атанған ең «жас» және ең «кәрі» балуандар жайында.
Спорт • 02 Шілде, 2020
1993 жылы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кикбокстан халықаралық турнир ұйымдастырылды. Осы жарыста 51 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қырғызстанның өкілі Шабан Шадманов айрықша көзге түсіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан ол финалда Қазақстанның намысын қорғаған өреннің өзін оп-оңай еңсерді. Жарыс қорытындысы бойынша «ең үздік спортшы» деп танылған Шадмановтың иығына ұйымдастырушылар зерлі шапан жауып, астына ақбоз ат мінгізді. Жеңістің буына шаттанып тұрған саңлақ сол тұста дүйім жұрттың алдында «Мені жеңетін қазақ әлі туған жоқ», деп абайсызда айтып қалды... Міне, дәл осы оқиға біздің бүгінгі кейіпкеріміз спорттың осы түріне түбегейлі бет бұруына түрткі болды.
Спорт • 26 Маусым, 2020
Футболдан Англия Премьер-лигасында күні бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізген "Ливерпуль" тағы бір рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 26 Маусым, 2020
Бүгін атақты футболшы Паоло Мальдинидің туған күні. Ұзақ жылдар бойы Италия құрамасы мен "Милан" клубының капитаны болған айтулы азамат 45 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 26 Маусым, 2020
Көш басында – Хабиб Нұрмагомедов
Әйгілі Forbes порталы жасы әлі 40-қа да толмағанына қарамастан дәулеті тасыып, атағы алысқа жайылып үлгерген Ресей жұлдыздарының рейтингін жариялады, деп жазады Egemen.kz