Спорт • 08 Қыркүйек, 2020
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Мәскеуде өткізген Нұр-Сұлтанның "Барысы" жергілікті ЦСКА клубына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2020
Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алды
Бұл күндері әлемнің 35 ракеткасы атанып отырған 25 жастағы қазақстандық теннисші, Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 08 Қыркүйек, 2020
Сидней Олимпиадасына – 20 жыл!
Осыдан дәл 20 жыл бұрын Аустралияның Сидней қаласында XXVII жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанған еді. 1 қазанға дейін созылған айтулы жарыста 199 мемлекеттен келген 10 651 үміткер өнер көрсетіп, спорттың 28 түрі бойынша 300 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның өрендері қатысқан екінші жазғы ғаламдық дода еді. Сол байрақты бәсекені өз көздерімен көру бақыты «Egemen Qazaqstannyń» төрт бірдей тілшісіне бұйырған еді. Солардың қатарында осы мақаланың авторы да болды.
Спорт • 07 Қыркүйек, 2020
Таяуда Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2022 жылы Нидерландтың Амстердам мен Гронинген қалаларында өтуге тиіс Еуропа чемпионатының жолдамалары сарапқа салынатын іріктеу турнирінің жеребесі тартылғаны жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.
Спорт • 07 Қыркүйек, 2020
Көпшілік Мырзағали Айтжановты бокс өнерінің жілік майын шаққан майталман маман ретінде біледі. Иә, бапкерлік кәсіпте ол өзінің мықтылығын түбегейлі мойындатты. Оған еш күмән жоқ. Аталған азамат 2009-2018 жылдары ұлттық құрама командамыздың тізгінін ұстады. Сол кездері жуан жұдырықты жігіттеріміз отандық бокстың жеңіспен өрілген дәстүрін жалғастырып, халықаралық аренада орасан зор табыстарға қол жеткізді. Ерен еңбек елеусіз, ескерусіз қалған жоқ. 2013 және 2014 жылдары Мырзағали Құланұлы қатарынан екі рет әлемнің ең үздік бапкері атанды. Ал сол азаматтың кезінде өте қарымды әрі қарулы боксшы болғанын кейінгі жастар біле бермеуі де мүмкін. Енді әңгімеміздің ауанын сол арнаға қарай бұрайық...
Спорт • 04 Қыркүйек, 2020
Футболдан Ұлттар лигасы басталды
Футболдан Ұлттар лига бәсекелері басталды. Бейсенбіден жұмаға қараған түні біздер сан миллион жанкүйер бірнеше маңызды матчтардың куәсі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2020
Францияда өтіп жатқан "Тур де Франс" көпкүндігінің алтыншы туры "Астана Про Тим" клубының мүшесі Алексей Луценконың айқын жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2020
Велошоссе: 2020 жылғы әлем чемпионаты Италияда өтеді
Велошосседен әлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 24-27 қыркүйек аралығында Италияда өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2020
Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа біріншілігінің жербесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2020
Путинцева мен Кукушкин үшінші кезеңге шықты
Теннистен Нью-Йоркте өтіп жатқан жүлде қоры 53 400 000 долларды құрайтын АҚШ-тың ашық біріншілігінің үшінші айналымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz