Спорт • 10 Қазан, 2020
Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтті. «Nev Names» пен «Дарын» промоутерлік компаниялары ұйымдастырған жарысты тамашалау үшін Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко, КСРО кубогының қола жүлдегері Болат Манкенов, көптеген дүбірлі додаларда дараланған Серік Ешмағамбетов пен Жанқош Тұраров, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Алмас Өтешов сынды саңлақтар «Абылай хан» спорт кешеніне арнайы ат басын бұрды.
Кәсіпқой бокс • 09 Қазан, 2020
Бүгін Алматыдағы «Абылай хан» спорт кешенінде кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Таяуда ғана тұсауы кесілген «Дарын» және «Nev Names» промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отырған айтулы жарыста Қазақстанның бірқатар аймағы және Әзербайжан мен Беларусь елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.
Бокс • 07 Қазан, 2020
9 қазанда Алматыдағы "Абылай хан" спорт кешенінде кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Таяуда ғана тұсауы кесілген "Дарын" және "Nev Names" промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отырған айтулы жарыста Қазақстанның бірқатар аймағы және Әзірбайжан мен Беларусь елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 07 Қазан, 2020
Шахматтың тарихы тереңде жатыр. Бағзы заманда бұл ойынды Үндістан мен Византияда, кейіннен басқа да бірқатар елде ермек қылған екен. ХV ғасырда еуропалық үлгісі жасалып, бұл «классикалық» деп аталатын болды. ХІХ ғасырда жаңа нұсқа жүйеленіп, түрлі жарыстар өте бастады. Бүгінгі таңда төрткүл дүниеде шахматқа деген құлшыныс ерекше. Спорттың бұл түрінен әлемдік тәж үшін айқас, әлем және құрлық чемпионаттары, Дүниежүзілік Олимпиада және тағы басқа көптеген халықаралық жарыстар үздіксіз өтіп тұрады.
Футбол • 06 Қазан, 2020
Осыдан дәл 45 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 6 қазанында Киевтің «Динамосы» УЕФА Суперкубогын жеңіп алып, барша Кеңес Одағының жанкүйерлерін қуаныш пен шаттыққа бөлеген еді.
Кәсіпқой бокс • 06 Қазан, 2020
1989 жылдың 17 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында КСРО-ның бас шаһары – Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде бокстан V әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Айтулы жарыста 43 мемлекеттен келген 236 былғары қолғап шебері күш сынасты. Cолардың арасында атағынан ат үркетін сақа саңлақтармен қоса, жалындап өсіп келе жатқан дарынды жастар да болды. Сол гүрзі жұдырықты жігіттер екі апта уақыт аянбай айқасып, 12 салмақ дәрежесінің жүлделерін өзара сарапқа салды.
Спорт • 05 Қазан, 2020
Спорттық гимнасшылар әлем кубогында төрт жүлде жеңіп алды
Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды. Бұл доданы Қазақстанның ұлттық құрамасы бір алтын және үш күміс медальмен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қазан, 2020
Футзалдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды
Кеше Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жербесі тартылып, қай командалардың өзара күш сынасатыны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 05 Қазан, 2020
Бұл күндері Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирін Қазақстанның теннисшілері керемет бастаған еді. Жарыс жолына шыққан жерлестеріміздің арасынан тек Зарина Диас қана екінші кезеңге өте алмады. Ол тунистік Онс Жаберден жеңілді. Ал өзге ойыншыларымыздың барлығы да тұсаукесер кездесулерінде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты.
Спорт • 05 Қазан, 2020
Кешенді жарыстарда ең көп жүлде жиынтығы жеңіл атлеттер сайысында сарапқа салынатыны белгілі. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында – 141, ал 2019 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында 147 медаль таратылды. Яғни спорттың осы түрінде қай елдің өрендері табысты өнер көрсетсе, солардың жалпы командалық есепте топ жаруына тамаша мүмкіндік туындайды. Сол себепті жанкүйерлер жеңіл атлетиканы «Спорт падишасы» деп те атайды.