Спорт • 28 Қыркүйек, 2022
Өткен аптамен салыстырғанда Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған рейтингінде үш сатыға төмендеп, қазіргі кезде 25-орынды иеленген.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2022
1 қазанда Польшаның Люблин қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде үш спортшымыз бақ сынайды. Олар – Бекзат Нұрдәулетов, Мейірім Нұрсұлтанов және Бекман Сойлыбаев.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2022
Әлем чемпионатын өткізуге ниетті
Қазақстан шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ресми түрде ұсыныс білдірді. Бұл ақпарат аталған спорт түрі федерациясының сайтында жарияланды. Жоғарыдағы жаңалықты жанкүйерлер жылы қабылдады.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2022
WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып отырған қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі кездесуін 12 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұлыбританиялық Дензел Бентлимен өткізеді.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2022
Кеше Аустралияның Вуллонгонг қаласында шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. 23 жастағы өрендер арасында қазақстандық Евгений Федоров тамаша өнер көрсетті. 199,8 шақырымдық топтық сайыста ол бас жүлдені олжалады. Күміс және қола медальды чехиялық Матиас Вачек пен норвегиялық Сорен Вереншельд иеленді.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2022
Джокович пен Алькарас Астанаға келеді
1-9 қазан аралығында Астанада өтетін АТР 500 турнирінде теннис әлемінің шоқжұлдыздары өнер көрсететіні белгілі. Солардың арасынан сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Карлос Алькарасты бөле-жара атап өтсек, еш айыбы жоқ. Күні кеше ғана олар Қазақстанға келетіндерін ресми түрде растады.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2022
Ташкентте татамиге кімдер шығады?
6-12 қазан күндері Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Төрткүл дүниенің ең мықты балуандары бас қосатын байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Аңыз ойыншылар кортпен қоштасты
Жуырда Нью-Йоркте АҚШ-тың ашық біріншілігі өтіп жатқан кезде жасы 41-ге таяп қалған атақты теннисші Серена Уильямс үлкен спортпен қоштасатынын ресми түрде жариялады. Өткен аптада Швейцарияның мақтанышы Роджер Федерер де дәл сондай мәлімдеме жасады. Ал аттары аңызға айналған сол саңлақтар жайында біз не білеміз? Оларды ұтқан қазақстандықтар бар ма? Бүгін осы тақырыптың төңірегінде әңгіме өрбітуді жөн көріп отырмыз.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2022
Шотландияның Глазго қаласында өткен Дэвис кубогы жолындағы жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті. D тобындағы тұсаукесер кездесуінде Нидерланд құрамасынан ұтылған жерлестеріміз одан кейін АҚШ-қа есе жіберді.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2022
Күрес түрлерінен Белградта өткен әлем чемпионаты барысында Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқару комитетінің мүшесі Ненад Лалович қазақ балуаны Дәулет Шабанбайға Олимпия ойындарының қола медалін салтанатты түрде табыс етті.