Спорт • 13 Қараша, 2025
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында еліміз құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты.
Спорт • 12 Қараша, 2025
WTA-ның қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакина әлемнің ең үздік теннисшілерінің ТОП-5-тігіне енді. Еліміздің бірінші ракеткасы тек беларусьтық Арина Соболенко, польшалық Ига Швентек, америкалық Коко Гауфф пен Аманда Анисимовадан қалып келеді. Бір ғажабы, отандасымыз Эр-Риядтағы жарыста әлемдік рейтингте өзінен жоғары тұрған осы төрт ойыншының үшеуін (Соболенко, Швентек, Анисимова) ұтты.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Еліміздің құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы соңғы матчын 15 қарашада «Астана Аренада» Бельгияға қарсы ойнайды. 18 қарашада Хорватияда Фаррер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Құттықтау сөздер айтылып, көрермендер театрландырылған қойылымдарды тамашалағаннан кейін қатысушы 57 мемлекеттің спорттық делегациясы сап түзеді. Салтанатты шарада еліміздің туын ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы мен дзюдошы Аруна Жангелдина ұстап шықты.
Теннис • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта WTA-ның қорытынды турнирі аяқталды. Жарыста бақ сынаған еліміздің ең үздік теннисшісі Е.Рыбакина асқан шеберлігімен миллиондаған көрерменді тәнті етіп, бас жүлдені олжалады. Еленаны осынау толайым табысымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы құттықтады.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Осакада ұйымдастырылған Гран-при кезеңінде Софья Самоделкина табысты өнер көрсетті. Қос жаттығудың қорытындысында 200 ұпай жиған ол күміс медальды мойнында жарқыратты. Жерлесіміз тек жапониялық Каори Сакамотодан (227,18 ұпай) қалып қойды. Қола медаль бельгиялық Луна Хендрикске (198,97 ұпай) бұйырды.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Нұржан Қатаев: Ғылым спортты жетістікке жетелейді
Белгілі балуан Нұржан Қатаев есімі көпшілік жанкүйерге кеңінен танымал. Ол әуелі еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы атанып, жастардың құрлықтық додасында қарсылас шақ келтірмеді. Шеберлігі шыңдала келе, ересектер дуына қосылған соң, Азия чемпионы, сол жарыстың екі дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері атанды. Дегенмен оған бар спортшының арманы – Олимпия ойындарында бақ сынау бақыты бұйырмады. Орайы келген әңгіме барысында оның жауабын кейіпкеріміздің өзінен сұрап білген едік.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Бүгін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ислам ынтымақтастығы ойындарының алауы тұтанады. Үш аптаға созылатын бәсекелер барысында 57 мемлекеттен келген 3 мыңнан аса спортшы өнер көрсетеді. Олар спорттың 19 түрінен сайысқа түседі.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Лас-Вегаста қазылық еткен қазақ
Жекпе-жек өнерінің жанкүйерлеріне джиу-джитсудың хас шебері Дамир Садыровтың есімі жақсы таныс. Атпал азамат байрақты бәсекелерде ел намысын абыройлы қорғаумен қатар, бапкер ретінде мықты шәкірттер тәрбиеледі. Сондай-ақ аса ірі халықаралық жарыстарда қазылық етіп жүр.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Жақында Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР-дің жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарылап, 13-орынға табан тіреді. Бұл – оның мансабындағы ең жақсы көрсеткіш. Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі өзінің алтыншы орнын сақтап қалды. Жұптық бәсекедегі ең мықты ойыншымыз Анна Данилина 13-сатыда тұр.