Әлем • 18 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?
Аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ирак Иранмен келіссөз жүргізіп, мұнай танкерлерінің Ормұз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат алуға тырысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Наурыз, 2026
Испаниялық журналист Дастан Сәтпаевтың «Ақтөбеге» соққан голына тәнті болды
17 жасар Дастан Сәтпаев Қазақстан премьер-лигасының маңызды ойыны «Ақтөбемен» кездесуде командасына жеңіс сыйлады. Ойынның екінші таймында алаңға шыққан жас шабуылшы 76-минутта қарсыласынан допты тартып алып, дәл соққымен есеп ашты. Бұл – оның жаңа маусымдағы алғашқы голы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 17 Наурыз, 2026
Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?
Қазақстандағы құрылыс секторы ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс секторы ІЖӨ-нің 6,1%-ын немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте еліміздің құрылыс саласы бір жыл ішінде 15,9%-ға өсті, бұл – экономиканың барлық салалары арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді. Хаменова жазасын жабық мекемеде өтемейтін болды. Оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шектеу түрімен алмастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Наурыз, 2026
Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді
Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның жоғары қауіпсіздік қызметінің хатшысы Әли Лариджанидің әскери соққы нәтижесінде қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Щучинсктегі «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік әділеттіліктің құралына айналады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) елордада жаңартылған Ата заң нормаларын аграрлық экономика секторына тиімді етуге арналған сараптамалық кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы – қабылданған конституциялық өзгерістер аясында жер үлесі иелерінің құқықтарын қорғау және жеке қосалқы шаруашылықтардың (ЖҚШ) құқықтық мәртебесі төңірегінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Шымкентте аудан әкімі ер адамды соққыға жықты: Тәртіптік іс қозғалды
Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа қатысты тәртіптік іс қозғалды. Оның материалдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясында қаралатын болды. Тексеріс әлеуметтік желілерде кең тараған бейнежазбадан кейін қолға алынған. Кадрларда сырт келбеті әкімге ұқсас ер адамның футбол алаңында өзге азаматқа бірнеше рет соққы жасағаны байқалады. Осы оқиға қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 17 Наурыз, 2026
Астанада 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнады
Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бір мезетте 18 мың бала қазақтың көне ұлттық ойынын ойнады. Бұл ауқымды шара Цифрландыру жылы аясында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды
Атыраудағы мектептердің бірінде жарақат алған оқушы қыз аурухананың жансақтау бөлімінен хирургиялық палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.