Президент • Кеше
Қазақстан мен Кипр арасында қандай құжаттарға қол қойылды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері маңызды ведомствоаралық құжаттармен алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Кеше
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Астананың Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаудың басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
АҚШ пен Мексика шекарасынан есірткі тасымалдауға арналған құпия туннель анықталды
АҚШ пен Мексика шекарасында ұзындығы шамамен 600 метр болатын жасырын туннель анықталды. Тергеу барысында төрт адам ұсталып, құны 45 миллион доллардан асатын бір тоннадан астам кокаин тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада шомылу маусымы басталды: Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Астанада шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • Кеше
Қазақстанда екі ұялы байланыс операторы автоқоңырау қызметін өшіреді
Еліміздегі Kcell және Beeline ұялы байланыс операторлары автоқоңырау қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Өзгерістер маусым айының соңынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейстері ашылды
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынасы кеңейіп келеді. 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Астана мен Ұлан-Батыр қалалары арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?
Шымкент пен Астанада кәмелетке толмағандардың қазасына әкелген жол апаттарынан кейін қоғамда жүк көліктерінің қала ішінде қозғалысын шектеу мәселесі көтерілді. Алайда Ішкі істер министрлігі мұндай көліктердің қалаға кіруіне толық тыйым салу мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот отырысы басталды
Алматыда әлеуметтік желіде Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты мәлімдемелерімен танылған блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот процесі басталды. Оған «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы мектеп бітіру кештеріндегі орынсыз сән-салтанат пен әлеуметтік бәсекенің күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Ол Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында соңғы қоңырау мен мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Кеше
Ұлытауда республикалық этномәдени фестиваль өтеді
27 маусым күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында «Көкмайса – Ұлы даланың тірі тарихы» атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады. Ауқымды шара қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.