Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Санкт-Петербургте саяси баяндама жасаған Қазақстан азаматы сотталды
Қазақстан азаматы Гарри Азарян 2025 жылы «мемлекеттік құрылымды өзгертуге және жаппай зорлық-зомбылыққа шақырды» деген күдікпен ұсталған болатын. Оған бұл айып солшыл-радикалды «Рабочая власть» қозғалысының жиынында сөйлеген сөзі үшін тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
2026 жылғы 15 наурыздан бастап Алматы – Баку – Алматы бағытындағы әуе рейстері аптасына екі рет (бейсенбі және жексенбі күндері) орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Ақпан, 2026
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Алматы қаласында сот бұрынғы жұбайын аңдып, мазасын алған ер адамға қатысты үкім шығарды. Бұл сталкинг үшін шығарылған алғашқы үкімдердің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Әлеуметтік желіде Kaspi Gold карталарынан белгісіз төлемдер алынып жатқанын айтып, шағымданушылар көбейді. Тұтынушылар ешқандай жазылым қоспаса да Google немесе Telegram қосымшаларының сыйлықтарын пайдаланғаны үшін ақша ұсталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Соңғы жылдары елімізде балалар арасындағы буллинг белең алып келеді. Қатарластары тарапынан мазаққа ұшырап, әлімжеттік пен дөрекілік көргендері томаға тұйықталып, қоғамнан оқшауланып жатыр. Кейбірі тіпті тығырықтан шығатын жол таппай, өз-өзіне қол жұмсайды. Технология дамып, әлеуметтік желінің ықпалы күшейген сайын киббербулингке ұшырайтын балалар саны да артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Ақпан, 2026
Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды
Павлодар облысы көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыруда маңызды стратегиялық рөлге ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір Қазақстанда өндірілген электр энергиясының 42%-ын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобада жеке өмірге қол сұғылмау құқығына заңмен кепілдік берілетіні жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Шымкентте үстіне ағаш құлаған 4-сынып оқушы қаза тапты
Шымкент қаласында өткен түні қалың қар жауды. Қалада ағаштар құлап, кейбір аудандарда электр желілері үзілді. Қолайсыз ауа райының салдарынан 4-сынып оқушысы қаза тапты. Баланы аула сыпырушылар тауып, жедел жәрдем шақырған. Қайғылы жағдайды қала әкімдігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 11 Ақпан, 2026
Ассамблея жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге жастардың белсенді қатысуына мүдделі жастар бірлестіктері мен сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.