Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
329 материал табылды

Қазақстан • 28 Маусым, 2022

Шипагерлік баянның берері мол

Қазақ шипагерлік өнері ерте кезден дала заңдары арқылы көрініс тауып отырды. Аспанда жұлдызға қарап жер осін болжап, төрт түлік мал арқылы ауа райын анықтаған ата-бабаларымыз медицина саласын да қамтусыз қалдырмаған.

Медицина • 21 Маусым, 2022

Жаңа ұғым енгізген дәрігер

Бүгінде Қазақстанда күн сайын 200-ден астам адамға кардиохирургиялық операция жасалады. Отандық дәрігерлер жылына 76 мыңға жуық сырқатты ажалдан арашалайды. Осы тұрғыда жүрекке операция жасау ісіне қомақты үлес қосып жүрген мамандардың бірі – Бегылан Стамбол.

Медицина • 19 Маусым, 2022

Радиология саласындағы жаңа қадам

Нұр-Сұлтан қаласында Ортаазиялық радиологтер мектебі (ОАРМ) «АСТАНА Туториал» Солтүстік Американың радиологиялық қоғамы (RSNA) визит-профессорлары халықаралық бағдарламасымен бірлесе отырып өз жұмысын бастап отыр. Бұл бағдарлама Қазақстан радиологиялық қоғамының бастамасымен University Medical Center корпоративтік қорында ұйымдастырылуда.

Медицина • 16 Маусым, 2022

Донор болдым, мінеки...

Донор болу – өзге адамға екінші өмір сыйлаумен пара-пар. Адамзат баласының арманын сабақтап, жүрегіне үміт отын ұялатудың мәні мен маңызын біреу білсе, біреу біле бермейді. Күні кеше Орталық коммуни­кациялар қызметінің алаңында «Дүниежүзілік қан доноры күні. За­манауи донор, ол кім?» тақырыбында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берілді.

Әдебиет • 12 Маусым, 2022

Кеңістіктегі Сохраб

XX ғасырда әлем поэзиясында даңқты есімдер дүниеге келді. «Ұлы оқиғалар ұлы шығармалар тудырады» деген Жан-Жак Руссо сөзі шындыққа айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Екінші дүниежүзілік майданның алауы адамзатқа ой салып, руханият, адам тағдыры, өмір мен өлім жайлы әртүрлі шығарма туа бастады. Сюрреализм мен дадаизм өрнектері де осы уақытта әр тұстан көрініп жатты. Күйреуік сезімдер мен өзін қоршаған ортадан оғаш көру күйі, майданнан соңғы жарымжан мінез-құлықтар ақындардың тілімен үн қатты.

Қоғам • 08 Маусым, 2022

Темекі түтіні де қоршаған ортаны ластайды

Әлемде асқынып тұрған рухани дерттің бірі – темекі тарту. Темекі шегу салдарынан жыл сайын 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Олардың 7 миллионнан астамы – темекіні тұтынушылар және бұрынғы тұтынушылар, ал 1,2 миллионы – темекі түтінінің әсеріне ұшыраған темекі шекпейтіндер.

Әдебиет • 02 Маусым, 2022

Бродскийдің жалғыздығы

Орыс ақындары дегенде ойға оралатын ұзын сонар салқар көштің легінде Пушкин мен Лермонтов, Есенин мен Маяковский бар. Қайбір жылы Ресейдің М.Ломоносов атындағы университетінде оқып жүрген шағымызда студенттерге сүйікті ақындарын қағазға жазып беруді өтінгенде осы бір ақындар шоғыры қылаң берген.

Медицина • 31 Мамыр, 2022

Балалардағы баспа дерті қауіпті ме?

Жарқыраған жаз айы босағадан аттағалы базар мен дүкендерде балмұздақ атаулы самсап тұр. Әрісі түрлі түсті салқындатылған газды сусындар көздің жауын алады. Мұндай кезде көбіне балалардың балмұздақ пен сусындарды артығырақ пайдаланудан тамағы ауырып жатады.

Медицина • 25 Мамыр, 2022

Инфаркқа иілмеудің жолы көп

Инфаркт ауруымен ауыратын адамдар саны елімізде өршіп тұр. Бұрын орта жастан асқан адамдарда ғана кездесетіндей көрінген ауру түрі жастарда да ұшырасуда. Жалпы, бұған не себеп? Инфаркқа алып баратын жағдайлар қандай?

Медицина • 25 Мамыр, 2022

Шеберлік шыңдау дәрісі

Өкінішке қарай, елімізде мета­болиттік аурулар көбейіп ке­леді. Нейрометаболиттік және мито­хон­дриялық аурулары бар бала­ларға диагностика жасау – күр­делі іс. Осы мәселелер төңіре­гінде және балалар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 көп­бейінді қалалық балалар ауруханасында профессор Руди ван Костердің қатысуымен ше­берлік сабағы өтті.