Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
314 материал табылды

Жастар • 30 Мамыр, 2023

«JastarX»: ұлт бірегейлігі неде?

Қазақтың бірегейлігі неде? Әлем бізді қалай танып жатыр? Жұмысын енді ғана бастаған «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының «JastarX» сарапшылар алаңына жиналғандар осы сұрақтарды жан-жақты талқылап, ел дамуына өздері қосып отырған үлестерін ортаға салды. Алаңның алғашқы жиынына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, сүйінші жаңалығын жеткізді.

Әлем • 30 Мамыр, 2023

Ауған-Иран текетіресі

«Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін қолына алғалы бері аймақтағы тыныш­тық­тың тігісі жиі сөгілетін болды. Көрші елдерге кәдімгідей қоқан-лоқы көрсетіп отырған ұйым енді Иранға қарсы соғыс ашқанын жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы «Талибан» көшбасшыларының бірі Абдулхамид Хорасани мәлімдеген. Қақтығыс Ауғанстан мен Иран шекарасында басталған.

Әлем • 29 Мамыр, 2023

Екінші кезеңдегі Ердоған жеңісі

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Осылайша, ол Түркияның 13-президенті атанды. Ал оның басты бәсекелесі болған Кемал Кылычдароглу сайлаудың әділетсіз өткенін айтып отыр.

Халық • 25 Мамыр, 2023

Қаладан халық көшкенмен...

Тәуелсіздік алған соң қаланы қазақыландырамыз деп ауылдағы ағайынды орталыққа көшіп келуге үндедік. Осылайша, урбанизация үрдісінің соңынан еріп кеттік, салдарынан бірлігі бекем ауылдардың іргесі сөгілді. Қалаларымыз да халықты қа­был­дауға дайын болмай шықты. Енді Үкімет бос қалған ауылдарды қайтадан жанға толты­руға күш салып жатыр. Қала тұрғындарын ауылға көшіруді көздеген жаңа жобаны іске қос­ты. Бастаманың игілігін көріп, халық қаладан ауылға ағылып жатыр ма?

Басылым • 23 Мамыр, 2023

Басқа басылымдардан: Байланыс тереңдей түседі

Қытай қазіргі гео­сая­си тұ­рақ­сыздық ке­зін­де Қа­зақ­стан­мен қарым-қаты­на­сын одан әрі терең­де­ту­ді қалайды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сианьға сапармен келген Қазақстан Пре­зиденті Қ.Тоқаевқа осындай ниетін білдірді.

Әлем • 22 Мамыр, 2023

Италиядағы табиғи апат

Италияның Эмилья-Романья аймағындағы көп елді мекенді әлі де су басып жатыр. Өткен аптада басталған жаңбыр енді ғана толастады. Су тасқыны қаупі Италияның солтүстігінен оңтүстікке қарай жылжып, Калабрияда қауіп­сіз­діктің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды, онда бұқаралық іс-шара тоқтатылды.

Басылым • 21 Мамыр, 2023

ҚХР: Қазақстанның маңызы зор

Қытайдың Сиань қала­сын­да Орталық Азия елде­рі­нің көшбасшылары бас қосты. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің әрқай­сы­сы өз алдына стратегиялық маңызы барын атап өтті. Алайда Қытай Қазақ­станмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүд­делі.

Құқық • 19 Мамыр, 2023

Қылмысты мойындау жазаны жеңілдете ме?

Әділет министрлігі Мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Рес­публикасының кей­бір заңнамалық акті­леріне Қыл­мыс­тық, Қылмыстық-пр­о­цес­тік және Қыл­­мыс­тық-атқару ко­декс­терін оңтай­лан­дыру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Пікір • 18 Мамыр, 2023

Коучқа кіріптарлық

Қазір түрлі коучтардың дәурені жүріп тұр. Әлеуметтік желіні аша қалсақ, сан алуан тренингке шақыратын жарнама шыға келеді. Бірі бай болуға үйретемін десе, енді бірі сұлу әрі іскер әйел болудың құпиясын айтамын деп еліктіреді. Тіпті мықты жігіт тауып, бақытты әйел болудың сырын ашамын, шетелге сая­хаттаудың жолдарымен бөлісемін деп әуре. Осындай тренингтер өткізіп жүрген­дер өзін коуч санап, онсыз да санасы сан саққа жүгірген қоғамды адастырып жүр.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2023

Өнеркәсібі дамыған өңір

Ақтөбе облысының қазіргі экономикалық өсімі тұрақты. Жалпы, салалар бойынша ауыл шаруашылығы – 100,9, инвестиция көлемі – 111,4, құрылыс – 115, тұрғын үйді пайдалануға беру 101,1 пайызды құраған. Биыл тағы 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Өңірдің жолдары да тақтайдай тегіс болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.