
Сайлау • 21 Қараша, 2022
16 сағатқа ұласқан телемарафон
Кезектен тыс президент сайлауына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Біздің ел – біздің таңдау!» деген айдармен 16 сағаттық телемарафон ұйымдастырды. Іс-шара таңғы сағат 9-дан басталып, түнгі 1-ге дейін жалғасты. Телемарафон алаңында ел ағалары, депутаттар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт саласының өкілдері, белсенді жастар жаңа да әділетті Қазақстан құрудың тетіктерін талқылады.
Сайлау • 21 Қараша, 2022
Шетелдегі отандастарымыз белсенділік танытты
Шетелдегі дауыс беру орындарының алды болып Жапония мен Кореядағы учаскелер ашылды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Мәскеу мен Ыстанбұл қалаларындағы Қазақстан азаматтары белсенді түрде дауыс берген.
Қазақстан • 18 Қараша, 2022
Елордада көпқабатты үйлердегі бір пәтер өртеніп, өрт сөндірушілер бес адамды аман алып қалды. Алайда өмірлерін қатерге тігіп, жалынның ортасында қалған тұрғындарға көмек қолын созған құтқарушылардың өздерін күйік шалған. Қазір өрт сөндірушінің бірі жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Қоғам • 17 Қараша, 2022
Әдетте біз шетел асқан отандастарымыздың ішінен өз ұлтымыздың өкілдерін ғана іздеп, жағдайын біліп, әңгімеге тартуға құмармыз. Алайда олардың арасында «туған жерім – Қазақстан» деп сағынышпен еске алатын, Ұлы далаға деген ықыласы бөлек өзге ұлт өкілдері де бар. Өйткені «Ең алдымен туған жерін іздейді, Ер азамат етек жауып, ес білген» (Жарасқан Әбдіраш).
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
«Жаңа адамдар» таңдаған жарқын жол
Жуырда Мемлекет басшысы «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдерімен кездесті. Ашық диалогке құрылған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қоғамдағы белсенділігі туралы пікірін білдіріп, ақыл-кеңесімен бөлісті. Жаңадан құрылған қозғалыстың мақсаты анық, алға қойған жоспары ауқымды екен. Бұған «жаңа адамдармен» арнайы жүздескенде көзіміз анық жетті.
Әлем • 14 Қараша, 2022
G-20 назарында – жаһанның күрделі мәселелері
Бүгін G-20 елдері көшбасшыларының саммиті басталады. Әлемнің ірі 20 мемлекеті осымен он жетінші рет кездескелі тұр. Биылғы жиын Индонезияның Бали аралында өтеді. Саммиттің күн тәртібінде Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан туындаған энергетикалық дағдарыс және әлемдік инфляция секілді өзекті мәселелер талқыланады. Сонымен қатар мемлекет басшылары екіжақты кездесулерде саяси жағдайды да қозғайды.
Қоғам • 14 Қараша, 2022
UNICEF Talks: Еркіндік пен мүмкіндік
Елордада жастар UNICEF Talks алаңында өздерінің бастан кешкен оқиғаларын баяндап, қазіргі қоғам үшін маңызды проблемаларды жеңу бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Дегенмен сіз өрімдей жастарда қандай өмірлік тәжірибе болуы мүмкін дерсіз... Алайда сөз тізгінін алған 15 пен 24 жас аралығындағы спикерлердің сөзіне зер салсаңыз, түйіп алар ой көп.
Қоғам • 14 Қараша, 2022
Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен сұхбаттасуымызды жалғастырамыз. Алматылық жас IT маманы университетті бітіргеннен кейін Meta және Amazon компанияларынан қалай ұсыныс алғанын айтып берді.
Қазақстан • 08 Қараша, 2022
Конституциялық реформадан заңға дейін...
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Конституциялық сот жұмыс істей бастайды. Бұған дейін болған Конституциялық кеңес пен жаңа соттың айырмашылығы неде? Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеті қандай? Реформаларды толығымен жүзеге асыру үшін қабылданған 6 заң нені көздейді? Осы сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрлігінің өкілі түсініктеме берді.
Әлем • 06 Қараша, 2022
Финляндия мен Швеция НАТО құрамына мүше бола алмай келеді. Өйткені Мажарстан мен Түркия келісім бермей отыр. Қойылған талаптар орындалмайынша, Будапешт пен Анкара шешімдерін өзгертпейтіндерін мәлімдеді.