
Білім • 23 Тамыз, 2022
Ротация қағидаты: 29 мектептің директоры ауысты
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов былтыр қараша айында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау туралы қағидатты ресми түрде бекіткен болатын. Министр тапсырмасынан кейін бір орында он, жиырма жыл қозғалмай отырып, музейдегі экспонатқа айнала жаздаған директорлар жылы орындарын ауыстыруға мәжбүр болды. Қызметі ауысады демесеңіз, олар жұмыссыз қалмайды.
Таным • 22 Тамыз, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында әр дәуірден сыр шертетін жәдігерлер жеткілікті. Оның біразы түрлі қазба жұмысы кезінде табылса, енді бір жәдігерлер кездейсоқ жағдайда қолға түскен. Сондай құнды мұраның бірі – су сағаты.
Білім • 21 Тамыз, 2022
Балалар көрші ауылдың мектебінде оқуы мүмкін
Күрделі жөндеудің мәселесі күрделене түсті. 140 оқушысы бар Қарақат ауылындағы мектептің 5-11 сынып аралығындағы 85 оқушысы жаңа оқу жылын көрші Абай ауылында бастаса, 1-4 сыныптағы қалған балалар елді мекендегі мәдениет үйінде уақытша оқымақ. Себебі ауыл мектебіндегі күрделі жұмыс әлі бітпеген. Ғимараттың төбесі ашылып, іші шашылып жатыр.
Медицина • 21 Тамыз, 2022
Тахикардия дертіне шалдыққан балалардың қатары жыл өткен сайын артпаса, азаяр емес. Баласының жүрек қағысы қалыптан тыс жоғарылаған кезде ата-ана байыз таппай кетеді. Жақында Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына Шу қаласынан санавиация желісі бойынша 13 күндік сәби жеткізілді. Әбігерге түскен дәрігерлер тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, періштенің өмірін сақтап қалды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Есірткі туралы сөз бола қалса, өңірге қарасты Шу ауданын әңгімеге арқау ететіндер аз емес. Тіпті әңгіменің соңын әзілге бұрып жіберетіндер де жетіп артылады. Алайда есірткіге есі кеткендердің қарасы бір өңірде аз, енді бір ауданда көбірек кездеседі демесек, қай жерде де баршылық...
Қоғам • 18 Тамыз, 2022
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Алланың жердегі үйіне баратындардың ішінде ұрлықты «тірлікке» айналдырғандардың қарасы азаяр емес. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген сөздің байыбына барған жергілікті халық қолы жүйрік қарақшылардан қатты қаймығып қалған. Жұма намазға барғанда бір қолымен қалтасын «бақылап» отыратындары да сондықтан.
Қоғам • 17 Тамыз, 2022
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Балалар жылы аясында өңірде балдырғандарға жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Таяуда ғана Тараздың төбесіне қара түтін төндірген «Қазфосфат» ЖШС жұрттың наразылығын тудырғанымен, серіктестікке қарасты тағы бір мекеме біршама уақыт бұрын балалардың алғысын алып үлгеріпті.
Оқиға • 17 Тамыз, 2022
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Есірткі туралы сөз бола қалса, өңірге қарасты Шу ауданын әңгімеге арқау ететіндер аз емес. Тіпті, әңгіменің соңын әзілге бұрып жіберетіндер де жетіп артылады. Алайда, есірткіге есі кеткендердің қарасы бір өңірде аз, енді бір ауданда көбірек кездеседі демесек, қай жерде де баршылық...
Аймақтар • 16 Тамыз, 2022
Мойынқұмда маңызды мәселелер айтылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысына сапар барысында бірқатар кездесу өткізіп, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, тұрғындар көтерген мәселелерге назар аударды.
Экология • 14 Тамыз, 2022
Қойнауына сыр бүккен қасиетті жерлер Жамбыл өңірінде көп кездеседі. Олардың кейбірі республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи кешенге айналып кеткен. Күнделікті күйкі тіршіліктен жабыққан жұрт Шақпақтың желіне кекілін таратқысы келген кезде Берікқара қорықшасына жиі барып, табиғат тамашасын көзімен көріп, бір жасап қалады.