
Аймақтар • 10 Тамыз, 2023
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйытқы болуымен қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әкім Таразидің 90 жылдық мерейтойына орай «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында «Асыл сөздің ұстасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында қаламгер шығармашылығын зерделеу айы ресми түрде ашылғаны хабарланды.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Өңірде төрт түлік мал азығын әзірлеуге арналған цех ашу жұмыстары мықтап қолға алына бастады. Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылындағы «Жан» шаруа қожалығының жетекшісі Жанай Сартаев бүгінде құрамажем өндіру жұмысын жандандырып отыр.
Білім • 08 Тамыз, 2023
Алты мектеп оқу жылына дайын емес
Білім ордаларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу соншалықты қиын шаруа ма? Кім білсін... Жамбыл облысындағы алты мектептің білім алушылары 1 қыркүйекте алғашқы қоңыраудың сыңғырын естімейтін түрі бар. Шалғайдағы ауылдарды былай қойғанда, облыс орталығы Тараз қаласындағы №28 орта мектептегі жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмайтын болды.
Мәдениет • 07 Тамыз, 2023
«Тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар»
Мелодия адам баласын еліктіріп қана қоймайды, кейде тіпті ерітіп, елжіретіп те жібереді. Өйткені сазда да сөз бар. Ал әні мен сөзі қатар үйлескен шығарма кімді де болсын, бейжай қалдырмайтыны анық. Оған ешкімнің таласы жоқ та шығар.
Балалар • 04 Тамыз, 2023
«Мөлдір бұлақ» балалар игілігіне берілді
Мемлекет басшысы өңірлердегі Президент резиденцияларын балабақша немесе сауықтыру лагерлеріне айналдыруды тапсырған болатын. Сол тапсырмаға сәйкес Жамбыл облысындағы ғимарат «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды.
Денсаулық • 04 Тамыз, 2023
Шомылу маусымы бастала салысымен жұрттың өзен-көлді, бассейн, каналдарды жағалап кететіні белгілі. Оңтүстіктің ми қайнататын аптап ыстығында жергілікті жұрт тау суына түсіп, салқындайтыны да бар. Әйткенмен, тұрғындар кейде рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп, зардап шегіп жататыны ақиқат.
Байқау • 02 Тамыз, 2023
Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауы өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, байқау қорытындысында үздік атанған отбасыларды марапаттады.
Айтыс • 01 Тамыз, 2023
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» республикалық айтысына әулиеталық ақындар да қатысты. «Алматы тв» телеарнасы түсірген айтыс бәсекесінде өңірдің жүйріктері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олжалы оралды.
Мәдениет • 31 Шілде, 2023
Уақыттың ағымына қарай ән де, әншілердің талғамына сай сән де өзгерді. Жанға жайлы жанрлар да айтарлықтай «төңкерісті» бастан кешіп жатқан жайы бар. Енді ше, техника өзгерді, технологияның үздіксіз дамыған уақытында ол енді бір заңдылыққа айналғандай көрінетіні рас.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Шуда жүзеге асырылатын жобалар
Өңірге әлеуетті инвесторларды тартып, облыс халқын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Әулиеатада ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов облыстық инвестициялық штабтың отырыстарында Тараз қаласында және аудандарда жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызын ұдайы назардан тыс қалдырған емес.