Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1990 материал табылды

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Жамбыл облысының әкімі дауыс берді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық • 13 Наурыз, 2023

Жалақыны өсіруді талап етті

Жыртықты жамауға жетпейтін жалақы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының тазалығына жауапты жұмысшылардың жүйке­сіне ши жүгіртті. Күл-қоқыстан бөлек, өлген ит пен құсқа дейін тазалайтын қарапайым азаматтар жауапты серіктестік басшылары жала­қы­мызды көтеруге келгенде жауапсыздық танытып отыр деп бас көтерді.

Әдебиет • 12 Наурыз, 2023

«Қара кемпір»

Музыка мәтініндегі драма ойыңды онға бөлетіні, жан әлеміңді тас-талқан ететіні рас. Бұл әнде пафос та, лирика да жоқ. Есесіне ұлттың трагедиясынан аза бойың қаза болғандай күй кешесің. Бір ғасырдың қасіреті көз алдыңнан кино сюжеті секілді өтіп жатады. Талғамсыздық салтанат құрған ғасырда «Қара кемпір» секілді шығармаларды бір мезгіл тыңдап тұрғанның артықтығы жоқ.

Денсаулық • 09 Наурыз, 2023

Нәрестеге жасалған шұғыл операция

Тараздық нейрохирургтер үш айлық нәрестеге жедел операция жасады. Науқастың жағдайымен жіті танысқан соң ақ желеңді абзал жандар уақытты сағызша созбай, нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін жұдырықтай жұмылып, шұғыл шешім қабылдады.

Айтыс • 06 Наурыз, 2023

Республикалық айтысқа жолдама алды

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін орталықтың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жыр алыбы – Жамбылым» атты оқушылар айтысы өткізілді.

Саясат • 05 Наурыз, 2023

Жаңбыршының «Құдашасы» қалай жазылды?

Арманға толы шақты аңса­татын, оралмас күндерді көз алдыңа келтіретін құдірет өнерде ғана болса керек. Жаныңның шырақтарын шұғылаға бөлейтін беймәлім тылсым мен көңілге сәуле түсіретін есті ән қай кезде де ұмытылмақ емес. Өйткені шымыр шумақтардан қ­ұрал­ған ғажайып туынды жа­ныңды рахатқа бөлейді.

Қоғам • 02 Наурыз, 2023

Жұмысшылар неге дүрлікті?

Жалақының төмендігін айтып, мәселе көтергендер қатары соңғы уақытта Жамбыл өңірінде жиі байқалады.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2023

Жерге қатысты жауапсыздық тыйылмай тұр

Әулиеата өңірінде жер қатынастарына қатысты былықтың беті ашылып жатыр. Қолында билігі барда белден бас­қандардың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша депар­таменті басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ахметқа­лиев хабарлады.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2023

Егіс алқабы ұлғаяды

Аграрлы өңір саналатын Жамбыл облысында егіс алқабы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың гектар жерге орналас­тырылса, биыл 770,7 мың гектарға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өнер • 01 Наурыз, 2023

Ретро концерт

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жылдық мерейтойына орай Тараздағы «Баласағұн» орталық концерт залында ретро концерт ұйымдастырылды.