
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Өңірдегі кейбір ауылдардың жағдайы қараусыз қалған қараша жұртты көз алдыңа елестетеді. Бірі ауыз судан тарықса, енді бірі азапқа салған автожолдың жайын айтып, жанайқайын жеткізіп жатады. Азаттық алғалы азаптан құтылмаған Қонаев және Әбілқайыр ауылдарының тұрғындары Тараз қаласы мен аудан орталығы Құланға қатынайтын жолдың жыры Манастың «ырындай» созылып кеткеніне наразы.
Аймақтар • 06 Маусым, 2023
Әулиеатада алауы тұтанған VI жазғы спартакиада мәресіне жетті. Тараз топырағына табан тіреген саңлақтар волейбол, су добы, дзюдо секілді үш спорт түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады. Ұлттық құраманың негізін құрайтын спортшылар іріктелетін додада жамбылдық волейболшылар қарсыластарына дес берген жоқ.
Білім • 04 Маусым, 2023
Екі диплом алудың жаңа мүмкіндігі
Біршама уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырма берген болатын. Президент бұл қадам Қазақстанда ғылыми экожүйені ұлттық білім және ғылым жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретінін де атап өткен еді.
Өнер • 01 Маусым, 2023
Неге екенін кім білсін, әйтеуір ара-тұра әннен мән іздейтініміз бар. Әншілер шырқаған шығармалардан поэзия іздеп шарқ ұрамыз. Бірақ қазір бәрі басқаша. Мәтіндегі мәннен гөрі, аспаптардың үнімен әдіптеу сәнге айналып бара жатқаны рас.
Спорт • 31 Мамыр, 2023
VI жазғы спартакиадада мыңнан астам спортшы бақ сынайды
Таразда Қазақстан Республикасы VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Төрт жылда бір өтетін айтулы аламанның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2023
«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл өңірінде ғана емес, еліміз бойынша химия өндірісінің локомотиві саналатыны бұрыннан белгілі. Әйтсе де ілгеріде 7 мыңнан аса азаматты жұмыспен қамтып отырған алып серіктестіктің қызметкерлері басшылық жағдайымызды жасаса дегенді жиі айтып жүретін. Кейінгі жылдары олардың орынды талабына жаңа басшылық назар аудара бастады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2023
Қаракемер қалашығының орны табылды
Әулиеатада мың жыл бұрын гүлденген Қаракемер қалашығының орны анықталды. Мамандардың айтуынша, уақытында Қаракемерді Түркі қағанаты мен Қарахан мемлекетінің халқы мекендеген. Көне шаһардың орны 600 гектар аумаққа дейін созылып жатыр. Қалашық аумағынан табылған байырғы жәдігерлер шаһардың бай тарихынан сыр шертіп тұр.
Жәдігер • 28 Мамыр, 2023
Бесағаштан табылған көне қазан
Тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін Әулиеата жерінде жәдігерлер жетіп артылады. Көне тарихтың көмбесіне айналған Жамбыл облысынан үш мың жыл бұрын сақтар пайдаланған қазанның табылуы – сөзімізге дәлел. Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан жәдігерді Бесағаш ауылы маңынан Ертай есімді азамат қабір қазып жатқан кезде қолға түсіріпті. Кейін көне жәдігермен мамандар танысқан.
Спорт • 26 Мамыр, 2023
Қайда бағыт алдың, Жамбыл спорты?
Жамбылдың спорты соңғы 20 жыл бедерінде кері кетіп бара жатқандай әсер қалдырады. 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасында боксшы Бақтияр Артаев төртжылдықтың басты додасында атой салғаннан кейін өңір спортшылары кейінгі төрт Олимпиадада бар болғаны үш жүлде иеленген. Оның екеуі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, бір медаль еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровқа бұйырған. Ал боксшыларымыз Афинадан кейін Олимпия ойындарында медаль атаулыны түсінде көрмесе, өңінде көрмеген.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Әулиеатада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Ән-жырым саған, туған ел!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.