
Медицина • 19 Ақпан, 2024
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, кез келген уақытта науқастарға жедел жетіп, бастапқы медициналық көмек көрсететін жедел жәрдем стансасы қызметкерлерінің еңбегі зор екені анық. Оған желтоқсан айында Шу, Қордай аудандарында, қаңтар айында Жуалы ауданы аумағында болған ат құлағы көрінбейтін боран кезінде де көз жеткіздік. Автокөлік жете алмаған мекенжайларға жаяу барған ақ халатты абзал жандардың еңбегі елеулі.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Сайтымызда жарияланған «Жүргізуші куәлігін саудалаған топ» атты мақалаға орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметі ресми жауап жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Жүргізуші куәлігін сатқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл, Түркістан облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкерелеп, олардың «жұмысына» тосқауыл қойды. Қылмыстық топ көлік жүргізушісі куәлігін заңсыз саудалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Тараз қаласына қарасты Құмшағал тұрғын алабының халқы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің қажеттігін жиі айтып жүретін. Жергілікті жұртты бұқаралық спортқа тарту үшін де кешен ауадай қажет еді. Енді міне, тұрғындар өтініші қанағаттандырылып, Құмшағалда су жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп отыр.
Өнер • 12 Ақпан, 2024
Ұлт кескіндеме өнерінің тарланбозы Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Ұлттық бейнелеу өнері десе, Әбілхан Қастеевтің есімін бренд деп білеміз. Халық суретшісінің «Көгілдір көйлекті қыз», «Амангелді сарбаздары», «Қалыңдық» секілді өзге де туындыларын замандастары, майталман мамандар жоғары бағалағаны анық.
Медицина • 07 Ақпан, 2024
Нәрестеге күрделі операция жасады
Өткен жылы Жамбыл облысында ауыр дерт арқалап дүниеге келген бірнеше нәрестеге сәтті операция жасалды. Білікті мамандар тәуекелге бас тігіп, бейкүнә сәбилерге қолұшын берген еді. Мейірбан дәрігерлер бойында қауіпті дерті бар тағы бір нәрестенің өмірін сақтап қалуға күш салды.
Өнер • 06 Ақпан, 2024
Қазір ғой, цирк деген сөзді естіген жұрт өнердің бәсін түсіріп жатқандай көрінеді. Ізденістің ізіне түскен цирк әртістерінің түрлі трюктері мен эксцентрикаға негізделген нөмірлері қалтарыста қалып барады. Расында да цирк қазір балалардың көңілін көтеретін өнер деңгейінде қалып қойған секілді. Үлкендер бұл өнерге аса мән бермейді. Бұған енді коммерциялық бағытты ұстанған кезбе цирк ұжымдарының да әсер еткені анық.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2024
Жуалыдағы жол апаты: 26 автокөлік соқтығысқан
Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран Жуалы ауданында жиі болады. Содан болса керек, жұрт арасында «Жамбылдың қысын көргің келсе, Жуалыға бар» деген сөз жиі айтылады. Үш ай қыстың жартысында «күре жол жабылды» деген хабарлама толассыз келіп жатса да, жұрт жолға шығуын тоқтатар емес. Ескертуге құлақ аспаудың салдары көбіне-көп жол-көлік оқиғасына алып келеді.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті
Күн райының күрт нашарлауы салдарынан Жуалы ауданында ірі жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласы мен аудандардағы елді мекендердің бірқатар көшесінің бүлінген жолдарын жөндеу жұмыстары кейінгі уақытта қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті халықтың талап-тілегіне құлақ асқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің өзі бұл мәселені жеке бақылауына алған еді.