
Балалар • 28 Ақпан, 2023
Өңірде халық ең тығыз орналасқан Қордай ауданында әр ұлттың өкілдері татулық туын көтеріп, беймарал ғұмыр кешіп жатыр. Жалпы, аудан халқының саны 158 мыңнан асып жығылса, оның 32,50 пайызы дүнген ұлтының өкілі. Жергілікті жұртшылықпен тонның ішкі бауындай араласып кеткен дүнгендердің қиын-қыстау кезеңде көкіректен итермей, бауырына басқан қазақтарға деген алғысы шексіз.
Тұлға • 23 Ақпан, 2023
Президент келген кезде кім керек? Қазым Аманқосов. Әулиетада үлкен іс-шара ұйымдастырылса ше? Тағы да Қазым. Әйтеуір қажет кезде Қазымды көрсетуге құмар біздің билік оның «ортекені» билетуге алты жыл уақытын сарп еткенін естен шығарып ала береді. Аз-кем атағы бар демесек, үлкен бір атақтарға да ұсынбайды. Осылайша белгілі суретші, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері қалтарыста қалып жүр.