Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
206 материал табылды

Әлем • 28 Қыркүйек, 2024

АҚШ мектебі қалай оқытады?

Төртінші сыныпқа баратын қызым Ләйләні жетелеп, АҚШ-тағы Вирджиния штатының Арлиңтон қаласына қарасты «Ashlawn» бас­тауыш мектебінің қабылдау бөлмесінде тұрмыз. Сәлден соң, оқу-білімге жауапты қызметкер құжатымызды қабылдап алып, екі күннен кейін келуімізді айтты. Межелі уақытында қайтадан мектепке бардық.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2024

Ағайынды Гриммдер қазақтан ертегі «ұрлаған» ба?

Сонау 1968 жылы Ныю-Йоркта «Stories of Steppes», яғни, «Дала ертегілері» атты кітап америкалық жазушы, зерттеуші ғалым Мэри Лоу Масейдің авторлығымен басылып шығыпты. Аталған кітапқа қазақтың 19 ертегісі еніп, Америка жұртшылығына кеңінен тараған.

Басылым • 25 Қыркүйек, 2024

«The New York Times»: Әуезовке қазанама қалай берілді?

Сонымен, сіз Вашингтон қаласындағы үлкен кітапхананың бірі – Гельман кітапханасында отырсыз. Жай отырмай, АҚШ сынды алпауыт елдің газеті мен журналы қалай шығады екен, олар нені жазып, оқырманына қандай рухани азық береді екен деген сұрақтарға жауап іздейсіз. Әдеттегідей, алып Америкада маңызды да кең таралатын газеттің бірі – «The New York Times». Осы газеттің бұрынғы сандарын парақтап отырып, «ішінде Қазақ, Қазақстан туралы не бар екен?» деген ой да мазалағаны рас.

Тарих • 12 Сәуір, 2024

Америкалық инженер Нэлсон Фэлл қазақ даласы туралы не жазды?

«Сұлтан Жәңгірдің төрт мың жылқысы бар, Жұмабек сұлтанда екі мың, ал Адам байда үш мың жылқы бар, ал сіз бес-ақ жылқым бар дейсіз! Сонда неше қойыңыз бар?» «Менің қойым жоқ», деп жауап бердім. -  Әй!.. Басқа түліктеріңіз көп болар? - «Екі сиырым бар», дедім».

Ғылым • 09 Тамыз, 2023

АҚШ бағалаған қазақ қызы

Бір қолымен бесікті, бір қолымен ғылымды тербеткен қазақ қыздары туралы үнемі айтылуға, жиі жазылуға тиіс. Өйткені олар отбасына, айналасына қандай мейірімді болса, өз ісіне де дәл сондай адал. Бүгінгі кейіпкеріміз балалық шақта үй жинауға көмектесетін роботтар болса деп армандапты.

Тарих • 07 Маусым, 2023

Аналар әдебі туралы кітап

Кешегі аумалы-төкпелі заманда Алаш зиялыларымен бірге ұлты­мыздың ағарту ісіне өлшеу­сіз үлес қосқан санаулы қазақ қыздарының бірі де бірегейі – Нәзипа Құлжанова. Бойындағы «бәрі де елім үшін» деген қайсар рух пен өшпес жалын, көкейін­дегі ізгі сәуле оны талай биікке көтерді.

Сұхбат • 05 Маусым, 2023

Айгерім Есенғалиқызы: Әкем «Гамлетті» ағылшын тілінен тікелей тәржімеледі

Шүкір, халқымыз ақынға кенде емес. Сонау арғы ғасырлардағы жыраулар заманынан бастау алатын бұл саф өнердің жолында еңбек етіп, ел есінде есімі қалғандар баршылық. Жұртшылыққа жыры ұнаған ақындарда арман болушы ма еді? Солардың бірі де, бірегейі – Есенғали Раушанов. Қазақтың «дегдар» деген сөзін осы кісіге қияр едік, себебі сөзі де, өзі де дегдар бола алды. Ақынның қызы Айгерім Есенғалиқызы бұл сұхбатында әке болмысы, шығармашылығы туралы айтып берді.

Ғалым • 01 Маусым, 2023

АҚШ сыйлығын иеленген

Бұл кейіпкерімнің есімімен ертеден таныс едім. Оның мұхиттың арғы жағындағы алып Америкада ұзақ жылдан бері ғылыммен айналысып, өз саласында көптеген жетістікке жеткені туралы сүйінші хабарлар ауық-ауық естіліп тұратын. «Шіркін, қазақ баласы сондай болса» деген ізгі тілектердің оған көп айтылғаны белгілі. Ол – «нені ексең, соны орасың» деген ескі сөздің астарында бір шындықтың жатқанын күшімен де, ісімен де дәлелдеген арда азамат. Оның есімі – Нұршат Нұражы.

Білім • 31 Мамыр, 2023

«Болашаққа» өтінім қабылдау басталады

Осы жылдың 5 маусымында «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтетін болады.

Тарих • 30 Мамыр, 2023

«Әмірқан бидайығында» не жазылған?

Біз бүгінгі жазбамызда сұлу сөздің сүлейі атанып, әдебиетіміз­де ойып отырып орын алған ұлы жазушы Ғабит Мүсі­репов­тің біреу білсе, біреу білмейтін алғашқы кітабы тура­лы сөз қоз­ғамақпыз. Бұл кітап «Әмірқан бидайығы» деп аталады. 1928 жылы Қызылордадағы «Қазақстан мем­ле­кет» бас­пасынан 5000 тиражбен басылған танымдық дү­ние­­сінде жазушы не жазды екен деген сауал тууы, әрине, заңдылық.