
Мәдениет • 15 Мамыр, 2023
Қазір көрермен қауым Астанадағы Ұлттық музейдің аузы-мұрнынан шығып тұр. Мұнда атақты суретші, «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұлдың «Көктемгі самғау» атты көрмесі өтіп жатыр. Мамырдың басында суретші артынып-тартынып Алматыдан Астанаға жеткізген 140 картинасына көз суарып жүргендер де аз емес. Біз де сол қатардан табылып, көркем туындыларды көзбен «жұтып» қайтпақ едік, алайда ұлт пен жұрттың болмысы мен тұрмысынан сыр шерткен бояулар бізді «жұтып қойған» сыңайлы.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2023
Қазақ даласына қаншама жылдан бері биыл соқты Отамалы. Қазақ баласы ұмытуға айналған Отамалы оңдырмайды деуші еді, бұл жолы да жетістірмеді. Отамалыны өлтірген бес күн соққан борандай бүріп келді. Жалаңаштанған жер бүрісті, жермен бірге ел бүрісті. Енді түспестей еріп жоғалған қар бір-ақ күнде қаланың аузы-мұрнын бітеп тастады. Қалада мұндай болғанда, далада мал баққан елдің жайы не болды екен дестік. Аттың беліне қарап қалған бұрынғы заман емес, десек те, төрт түлік енді төлдеп жатқанда оңай тимегені анық қой. Жаңа туған жас төл былай тұрсын, Қостанай мен Торғайдың арасында көліктер тұралап жатқанын әлеуметтік желіден көрдік. Біз Тобық Жармағамбетовтің «Отамалысын» парақтадық.
Өнер • 02 Сәуір, 2023
Бүгінде дүниедегі жанды, жансыз құбылыстың бәрі ғылымның зерттеу нысанына айналды. Жарықтың жылдамдығы, балықтың қараңғыда сәуле шашатыны, судың есте сақтау қабілеті, су тұрмақ фотондардың өзі бұрынғы құрылымын (не болғанын) есте тұтып қалады екен.
Мереке • 22 Наурыз, 2023
Егемендікке барар жолдың іргетасын қалаған еркіндік аңсары, дәстүрдің жаңғыруы – Наурыз мерекесі мен Наурызнама қазақ даласында әнмен басталады. «Базарың құтты болсын, ардақты елім!» деп атақты жәрмеңкенің өзін әнмен ашқан қазақ жер дүниені жаңартып жыл келіп жатқанда аспандатып әнге баспай қалсын ба? Мінген ат, жүгірткен тазы, салған қыран құсын былай қойғанда, «Қымыз құйғышы», қойшысына дейін түгендеп, рет-ретімен тұрмыс-тіршілігіне етене кез келген құбылысты әнге қосқан өнер иелері жыл басы деп жар салғанда қандай?!
Мереке • 20 Наурыз, 2023
Басқаны қайдам, бізге көктем жаңа жылдың келуімен, Наурыз тойымен сипатталады. «Ескіше наурыз 13-інен 14-іне қарағанда туады» дегенді бұрын үлкендерден жиі естісек те, мән бермеппіз. Күн мен түн теңеліп, жылдың келетін уақыты осы 13-і екенін өткенде ақын Светқали Нұржан facebook парақшасында жазды. Оқыған бойда наурыздың 17-сі күні арнайы тексерсек, расымен күн түннен 10 минутқа озып, жарық жеңіп кетіпті. Көпшілігіміз аталған датаны Амал мерекесі, Көрісу күні деп танып келгенімізді неге жасырайық?
Әдебиет • 12 Наурыз, 2023
Күйдің бір қасиеті аңыз шақырып тұратынында, бәлкім аңыздың өзі күй тілеп тұра ма екен? Анығы, қазақтың өмірі аңызға бергісіз, күй тіліндей көңіл баурағыштығында шығар. Көңіл күй деп айта ма әйтпесе? «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген атақты сөзді өткенде басқаша түсіндірген жазбаға кездестік.
Поэзия • 06 Наурыз, 2023
Әдебиет • 01 Наурыз, 2023
Жер дүниедегі жаратылыс атаулыны тану адамзат дамуымен қатар ілгерілей беретіні сияқты ұлыларды тануға тырысу да жылдар бойы тоқтаусыз жүреді. Сол арқылы тұлғаның өмір сүрген уақытынан алыстаған сайын рухына жақындауға талпынамыз. Ұлы жырлары «бұл ғасырдың шегінен асатын» (М.Әуезов) Мағжан Жұмабаев сынды ақындар заманынан озып туатыны туралы айтамыз. Алайда кеңестік кезде кесіліп кеткен шығармалары хақында аздап естіп-білеміз.
Қоғам • 26 Ақпан, 2023
Мәдениет және спорт министрлігі биыл 101 кітап басып шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 35 аталым қолжазбасы сатып алынған, олар бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлімдеді.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2023
Жан дүниесін мұң-қайғы торлап, қасіреттің уы буын-буынына түсіп, шөгіп кеткен адамға қуан деп қалай айтасыз? Көңілін аулауға тырысасыз ғой. Күйреп қалған көңілді көтеру оңайға соқпайды. Оның үстіне сенім артқан барлық үміті күл-талқан болып, сүйіктісі қаза болып жатса. Құдай сақтасын, әрине. Есі дұрыс адам мұндай қайғы-қасіретке душар болған жанға қуан немесе көңілді бірдеңе ойлап тап демейтінін екінің бірі білсе де, кей жағдайда орын алып жатады. Кейде ғана емес, қоғам, әлеуметтік орта мықтап бекіген сайын әлгіндей қайшылықтар орныға түсетін сыңайлы. Жекелеген адамдар қаламағанымен, қоғамдық тәртіп солай десек те, оның соңында адам тұрған жоқ па, бірақ.