
Тарих • 17 Қаңтар, 2022
Өткен жылдың соңында Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы елорда төрінде «Бөкей Ордасы – ел мұрасы» атты көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясына музей-қорық қорында сақтаулы тұрған 17 мың экспонаттан іріктеп алынған 120 жәдігер әкелінді. Соның бірі – Жәңгір ханның үшінші әйелі Фатима ханымның алтын зерлі бал көйлегінің дәлме-дәл жаңғыртпасы.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты жəне басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз» деді.
Руханият • 12 Қаңтар, 2022
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі соңғы жылдары «Ясауи ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырып, хазірет мұраларына қатысты деректер жинақтауда. Жуықта осы мақсатпен Көкшетау қаласына ат басын бұрған топ облыстық Әдебиет және өнер музейі қорында сақтаулы тұрған «Диуани хикмет» кітабының қолжазба көшірмесімен танысты.
Руханият • 12 Қаңтар, 2022
Бұрынғы бабаларымыздан қалған «Бірлік болмаған жерде – тірлік болмайды» немесе «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейтін ескі сөз бар. Бұл атүсті айтыла салған дүние емес. Сонау шыңырау жылдарды артқа тастап, ғасырлар қойнауынан шыңдалып, уақыт бедерінен сұрыпталып, халқымыздың санасына терең сіңіп, бұлжымас ақиқатқа айналған ұғым. Өйткені береке мен бірлік бұзылса ұлыстың іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалады. Бұны бұрынғы қазақ атамыз жақсы білген. Сол себепті, қоғамның қабырғасы қақырамай, түтіні түзу ұшу үшін береке мен бірлік аса қажет екенін ежелден білген. Осы жолда басын бәйгеге тіккен.
Қазақстан • 07 Қаңтар, 2022
Ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы, адам баласы барда қандай да бір толқудың болмай қалуы мүмкін емес. Оның пайда болатыны жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін берекесіздіктен сақтану, оған əзір болу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждаһат керек.
Тарих • 04 Қаңтар, 2022
Өткен жылы Орал өңірі, соның ішінде тарихы терең Қаратөбеге жолымыз түсті. Бұрыннан бар әдет – табанымыз тиген жердің тарихымен танысу. Әсіресе, жергілікті өлкетану музейлеріне бас сұғу. Бұл жолы да дәстүрді бұзбадық. Аудандық музейді көктей шолып келе жатып, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты бөлімнің төрінде «Жуков жақсы көрген жауынгер» деп шекітіп жазған бір тілім фотоны көріп қалдық.
Тарих • 31 Желтоқсан, 2021
Аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Начальное обучение киргиз русскому языку) атты оқулық жазуды қолға алғанымен, онысын аяқтай алмай өзі өмірден өткені белгілі. Ағартушының 23 бет қолжазбасы қазір Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей ұжымы соңғы жылдары «Ясауи ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедициясын, ұйымдастырып, әулиенің ізі қалған жерлерді шарлап жүр. Жуықта осы топ Ақмола өңіріне сапарын жалғастырып, нәтижесінде, Есіл ауданы аумағынан қазақ даласындағы ежелгі қожалар әулетімен кіндіктес Зарбап ананың басына барып қайтты.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021
Қазақ һәм урбанизация немесе қазақ халқының қалаға шоғырлану процесі
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.
Тарих • 21 Желтоқсан, 2021
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музей қорына атақты қолбасшы қанжығалы қарт Бөгенбай батыр дулығасын салтанатты түрде табыстау іс-шарасы өтті.