Айтыс • 22 Наурыз, 2024
Қызылжар өңірінде Наурыз мерекесіне арналған «Ұлы күні ұлыстың, Басы болсын ырыстың» атты еліміздің барлық түкпірінен 14 ақын қатысқан республикалық ақындар айтысынан көңіл күйіміз көкке көтеріліп, ерекше арқаланып қайттық.
Мереке • 19 Наурыз, 2024
Табиғаттың түрленіп, қысқы қар құрсауынан босанып, түлеуінің өзі ай бойы созылады. Адамдар арасында бұрынғы ашу-ыза, өкпе-наздың бәрі ұмытылады.
Әскер • 15 Наурыз, 2024
Әскерге баратындар саны азайған
Наурыздың бірінен еліміздің барлық аймағында Президенттің Жарлығына сәйкес жастарды кезекті әскери міндетін атқаруға шақыру басталды. Науқан маусым айының аяғына дейін созылады.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2024
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында жүзге тарта өрт болып, соның салдарынан алты адам қаза тауып, 18 адамды күйік шалған. Ал келтірілген шығын 47 млн теңгеден асады.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Құқық қорғаушы арулар марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының полициясында 449 қыз-келіншек қызмет етеді. Олардың арасында 4 полковник және түрлі деңгейдегі 20 басшы бар. Бұлардан басқа, құқықты қамтамасыз етуде 58 әкімшілік мемлекеттік қызметші, 172 азаматтық қызметкер мен ерікті жалдамалы қызметшілер жұмыс істеп келеді.
Қылмыс • 29 Ақпан, 2024
Мал ұрлығына берілетін жаза қатайып, бұрын екі жақтың келісімімен немесе малдың құнын төлеумен, айыппұл салынумен ұрының «басынан сипап» қоя салатын жазалар қатайды. Жеңіл жазаның ұрлықты тыймай, керісінше өрістететініне талай рет көз жетті.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Жақында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың БАҚ өкілдерімен кездесті.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Бес миллион теңгесін бере салған...
Аңқау петропавлдық өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырып, сөзіне сендірген алаяқтың «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз, әйтпесе қапыда қаласыз» дегеніне көніп, 5 миллион теңгесін аударып жіберген. Өкініштісі, мұндай алаяқтарды анықтау оңай емес. Ұзақ уақыт маңдай термен жинаған дүниесінен бір-ақ сәтте айырылған жәбірленушінің де жағдайы мәз емес.
Экономика • 22 Ақпан, 2024
Қызылжарға қызығатын инвестор көп
Жуырда Петропавл қаласында халықаралық экономикалық форум өтті. «Qyzyljar Investment Forum – 2024» аталған жиынға ұлттық компания, қаржы институты, бизнес қауымдастық өкілдері, отандық және шетелдік компания басшылары қатысты. Форумның мақсаты – «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) жұмысын жандандыра түсу.
Денсаулық • 19 Ақпан, 2024
Жұқпалы дерттің алдын алған жөн
Қоян жылының суығы мен жылымығы қатар жүріп, инфекциялық аурулар көбейіп тұр. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қарағанда, былтырғы осы кезбен салыстырғанда биыл тұмау жұқтырғандардың саны 2,4 есе артып, 20 666-ға жеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 8 561 болған еді.