Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Аралда туып, Алаштың абызы болған Әбенің қазасы баршамызға қайырлы болсын! Иә, өмір заңы – келу, кету. Шүкір! Тәубе! Бәрін көрді. Барын берді Ұлы үлгі қалдырды. Жоғары рухани планка (меже) қойып кетті. Соңғы рет кездескенде маған сыйлаған «Соңғы парыз» кітабына «Бұл менің ғасырмен, уақытпен есеп айырысқан еңбегім» деп жазыпты. Қандай ірі сөздер десеңізші!
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Әбдіжәміл ағамыз дүниеден өтті дегенде, менің есіме ол кісінің кейбір ерекшеліктері түсті. Жалпы, ол кісі біреуге жақса, біреуге жақпайтын. Басқа жазушыларға қарағанда ерекше көзге түсіп тұрады. Мысалы, біз, жазушылардың бәрі, әуелі әңгіме жазамыз. Одан кейін повесть, хикая жазамыз. Әбден шыңдалғанда барып романға бет бұрамыз ғой. Бұл кісі прозаға бірден «Курляндия» деген романымен келді. Соғысқа қатысып келгеннен кейін «Курляндия» романын жазып, жариялады.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Ұлттық руханиятымыздың бір ғасырлық дәуірі тарихқа кетті. Қазақ әдебиетінің негізін қалаған, Мұхтар Әуезов бастаған алыптар тобының ең соңғы тұяғы, әйгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды деген хабар жетті.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 98 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Әбекеңнің өмірден өткенін төбемізден жай түскендей болды деп айта алмаймыз. Өйткені бұл кісі бір жылдың төңірегінде қатты науқастанып жатты. Ең соңғы рет барғанымда тіпті шүйкедей болып қалған. Жатын бөлмесінен коляскамен алып шыққанда, жас бала сияқты болып қалғанын көрдім. Сонда менің көзімнен жас шығып кетті. Қандай Әбекең еді.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
«Ардың ісіне» адалдықтың үлгісі
Әлем әдебиетіндегі мойны озық айтулы қаламгерлермен есімі бірге аталатын Әбекең, Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамыз шын мәнінде көзінің тірі кезінде-ақ аты аңызға айналған ғажап адам еді.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Әбені соңғы рет екі жеті бұрын көрдім. Үйінде төсегінде сарғайып, құр сүлдері жатыр екен. Мені көріп түсі жылып төсектен басын көтергісі келді. Басын сүйеп төсегіне отырғыздық. «Ер арыса – аруақ» деген. Қаңқасы қалыпты. Сөйлей алмады. Ауызына «Айналайын!», деген сөз түсіп, соны қайталай берді. Қайталай берді.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
«Әбең өмірден өтті...» деген суық сөзді естігенде бетті сипап отырып, тіл ұшына келгені «Қош, ұлт патриархы!» деген сөз болды.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2022
Өмірде жүзі жылы, жаныңа жақын жандар болады ғой, мен үшін солардың бірі - Бейбіт Мамраев. Бейбітті мен 1998 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық қызметтегі кезінен бастап білем. Сол тұста Сейіт Қасқабасов, Ақселеу Сейдімбеков сияқты дос-жарандарыма барып жүріп, Бейбітті де кездестіріп, әңгімелесіп, сырласып, арамызда бір сыйластық басталған.
Қоғам • 04 Ақпан, 2022
Қаннан қымбат, жаннан қымбат бұл Отан
«Қаралы қаңтар» трагедиясынан соң да тура бір ай өтті. Жаңа жылдың екінші күні Жаңа өзеннен басталған ереуіл 5-6 қаңтарда шырқау шегіне шыққан.