
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын оқыдық. Егемендігіміздің отыз жылдығы қарсаңында жазылған тарихи-шежірелі эссе әрі болашаққа бағдар нұсқай алатын ерекше мазмұнды жазба деп бағалаймыз.
Пікір • 07 Желтоқсан, 2021
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дер шағында, ұлыстың ұлы тойының дәл қарсаңында жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Біз атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Бұл – Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі» деп атап айтқан, қадап көрсеткен. Иә, Қазақстанның әлемдегі бейбітшілік жолындағы шерудің көшін бастағанының өзіне отыз жыл толып отыр. Оны отыз жылдан бері бүкіл әлем біліп, лайықты бағалап отыр.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Пікір • 07 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік – тағылымды ұлттарға тарту
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып отырып, ең алдымен қазақ тілінің ұлылығына, сөздік қорының байлығына, қуаты мен қарымына сүйсінесің. Тұңғыш Президентіміз мақаласының өне бойы өнегелі, ұлағатты, қанатты сөздерге толы. «Ынтымағы жарасқан елдің табысы тасып, абыройы асады. Берекесі қашқан елдің қуаты кеміп, құты қашады» дейді Н.Назарбаев.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Бабаларымыз армандаған елдік пен еркіндіктің символы болып жалғасқан ұлы арманы – Тәуелсіздік еді. Ұлан-ғайыр замандардың тарихи картинасын Елбасы мақаласынан көресің. Сақтар мен ғұндар, одан соң түркі халқы Ұлы далада өз мемлекетін құрды.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Елбасының ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын ең әуелі жастар оқуы керек деп ойлаймын. Өйткені қазір ел ішінде Қазақстанның Кеңес Одағының құрамынан ең соңғы республика болып шыққанын сан саққа жүгіртетіндер көп. Бұл мақалада сол сауалға нақты жауап берілген. Жалпы, Тәуелсіздіктің бізге қандай жолмен келгенін нақты білгісі келетіндер үшін мақалада көп дүние қамтылған.
Білім • 07 Желтоқсан, 2021
Мұғалімнің кәсіби дамуындағы көшбасшылық
ACQUIN (Германия): «Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламаларының мазмұны мен ұйымдастырылуы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін ерекше, ал мұғалімдер мен басшыларды осы бағдарламалар бойынша оқыту мектептің және барлық білім беру жүйесінің келбетін өзгертуге үлес қосады».
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2021
Еліміздің бас басылымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты отыз жылдық белеске көз жіберіп, парасатты ой қорытқан мазмұнды мақаласы жарық көрді.
Қаржы • 06 Желтоқсан, 2021
Ұлттық қор тарыққанда демеу болады
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының басында Қазақстан ресурстар мен тәжірибе жинақтап, экономикалық жаңғыртуды, инфрақұрылымды жаңартуды және шикізаттық тәуелділіктен алшақтауды жүзеге асыра бастағанын атап өтеді. Осы күрделі міндетті шешу процесінде жаңғыруға жол ашатын ресурстарды жинақтаудың негізгі құралына айналған Қазақстанның Ұлттық қоры маңызды рөл атқарады.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2021
Азаттықтың қадірін әр азамат түсінуі керек
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында атап көрсетілгендей, егемендік жолы жеңіл болған жоқ. Ал тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін елдің еңсе тіктеуі, тығырықтан шығуы да біраз күш-жігерді қажет етті.