
Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Жан алауы – қолында. Жүрек қалауы – жолында. Ат жалын тартып мінгелі «елге болсын» дейтін азамат аз емес. Солардың арасында Дархан Мыңбай есімі жарқырап көрінеді.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Жылудың «жыры» қашанғы жалғасады?
Еліміздегі моноқалалардың мәселесі ортақ. Соның бірі – инженерлік желілердің тозуы. Өкінішке қарай, көрсеткіш жыл сайын жаға ұстататын жағдайға ауысып барады. Бұл мәселе Екібастұз қаласын да айналып өткен жоқ. Бүгінде кеншілер шаһарындағы жылу құбырлары әбден ескірген. Содан болар коммуналдық саладағы жобалардың басым бөлігі жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2022
Азаматтарды қолдау мен әл-ауқатын жақсарту – негізгі міндет
Қазақстан қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға және жүйелі түрде қайта құруға бағытталған үлкен өзгеріс алдында тұр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл өзгерістердің өзегі азаматтарды қолдау мен олардың әл-ауқатын, әлеуметтік ахуалын жақсарту болады.
Өнер • 25 Қаңтар, 2022
«Меццо» телеарнасының рейтингіне енді
«Астана Операның» жаһандық музыкалық жобасы – Г.Малердің әйгілі №8 симфониясын «Астана Операның» бас дирижері, атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен 1200 әртістің орындауы еуропалық танымал «Меццо» телеарнасында көрермендердің зор қызығушылығын туғызды.
Білім • 24 Қаңтар, 2022
Бағалау – жетістікке жетуге қажетті құзыреттілік
Еліміздегі кез келген реформа әрбір азаматқа тікелей қатысты. Әсіресе, білім саласы сөз болғанда, ешкім де сырт қала алмайды. Отандық және халықаралық тәжірибе көрсеткендей, білім беру саясатындағы реформаларды оңтайлы жүзеге асыру білім саласының қазіргі ахуалын, оның тиімділігін, пайдаланылатын адами, ақпараттық, қаржылық және басқа да ресурстардың деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін бағалау жүйесі енгізілген жағдайда ғана мүмкін болады.
Руханият • 24 Қаңтар, 2022
Біреулер оны Көлаға дейді, құрдастары Көлеке деп құрметтейді, мен Көлбай көке деймін. Неге екенін білмеймін, қазақтың осы сөзі өзіме ұнайды. Осы сөзде көп адам аңғара бермейтін бір қасиет бардай көрінеді. Мақаламызға арқау болып отырған Көлбай Адырбекұлы менің ұғымымда жалғыз мен емес, мен секілді талай ізбасар інілерге көке болуға әбден лайық жан. Неге дейсіз бе? Себебі ол ұлт үшін, ел қамы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей мазасыз күй кешіп, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жоғалтқанын түгендеп, ертеңіне алаңдап, не істесе де ардан аттамай, ұяттан безбей, алдағы толқын ағаларын ардақтап, кейінгі толқын інілерін аялап, алға сүйреп жүрген шын мәніндегі асыл азамат.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2022
Қауіпсіздік жүйесін реформалау – өмір талабынан туындаған міндет
«Қаңтар трагедиясы» еліміздің тарихындағы ең бір қанды да қаралы оқиға ретінде есте қалатыны сөзсіз. Халқымыз бен мемлекетіміздің тағдыры аса қауіпті де қатерлі сыннан өтті. Президентіміз дер кезінде жедел шешімдер қабылдап, облыс орталықтарындағы мемлекеттік ғимараттарға террорлық шабуыл жасаған беймәлім қарулы топтарға тойтарыс беру туралы қатаң да батыл бұйрықтар берді, төтенше жағдай енгізді, өзінің жігері мен қайсарлығын көрсетті, Ақордадан тапжылмай, күн демей, түн демей барлық жағдайды өзі тікелей қадағалап, қабылдаған шешімдері мен олардың нәтижелерін жұртшылыққа ашық айтып отырды. Солардың нәтижесінде және антқа адал күштік құрылымдар қызметкерлерінің жанқиярлығының арқасында елдігіміз бен мемлекеттігіміз сақталып қалды. Елімізде орын алған бұл қанды оқиға әлем жұртшылығын да дүр сілкіндірді, олардың да алаңдаушылығын тудырды.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022
Жаңа Қазақстанға ең бірінші білімді ұрпақ қажет
Қазіргі уақыт – өте күрделі кезең. Кешегі елімізде болған жағдай бәрімізді ойландырады. Қазіргі кезең өткен 30 жыл уақытқа да басқаша қарауға міндеттейді. Президенттің жаңа Қазақстан құру туралы айтып жатқан мәселелері орынды. Ең алдымен жемқорлықты тоқтату керек. Басқару жүйесін өзгерту қажет. Шешім қабылдайтын орталық мамандардың жауапкершіліктен қорықпайтындай басқаша ынталандыру жүйесін қарастыру керек деп санаймын.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022
Қазақстанда «Қасіретті қаңтар» оқиғасына байланысты бүкіл республика бойынша жарияланған төтенше жағдай аяқталмай жатып, Еуропа парламенті 19 қаңтар күні осы оқиғаларға қатысты қарарды талқылауға кірісіп кетті. Тіпті 20 қаңтар күні оны асығыс жағдайда қабылдап үлгерді.
Экономика • 23 Қаңтар, 2022
Энергетика – экономика драйвері
Екібастұз – еліміздің энергетикалық орталығы. Мұнда бүкіл Қазақстандағы энергияның 40 пайызы өндіріледі. Көмірлі шаһардағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 стансалары Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймағының негізгі энергия көздері болып саналады. Аталған стансалар әлдеқалай «түшкірер» болса, өзге нысандардың «тұмауратып» қалатыны да сондықтан.