Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20442 материал табылды

Қоғам • 13 Тамыз, 2024

Жер беруден бас тартқан Риддер әкімін жергілікті тұрғын сотта жеңіп шықты

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының әкімінен Поперечное ауылынан мал жаюға 50 га және шөп шабуға 15 га жер телімдерін беруін сұраған. Алайда әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, арыздан бас тартқан. Бұдан соң, талап қоюшы сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таным • 12 Тамыз, 2024

Шолохов. Ат басы және адам тағдыры

Мәскеуге жолыңыз түсіп, Гоголь бульварына бара қалсаңыз, ерекше бір ескерткішті көрер еді­ңіз. Ол – кеңес одағынан шық­қан Нобель сыйлығының лау­реаты, әйгілі жазушы Михаил Шолоховтың әйкелі (бауырлас өзбек пен қырғызға құрметіміз болсын, ескерткіш бірінде – хәйкел, екіншісінде әйкел аталады).

Егемен Қазақстан • 10 Тамыз, 2024

«Хат қоржын»

Жазғы бақтағы поэзия сағаты Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге, сондай-ақ поэзияны сүюге, оны бағалай білуге шақыру, қазақтың көрнекті ақын-жазушыларын насихаттау мақсатында Үржар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бо­лашақ» саябағында «Жазғы бақтағы поэзия» тақырыбында жас оқыр­мандардың қатысуымен поэзия сағаты өткізілді. Онда қазақ поэ­зиясы алыптарының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылды.

Технология • 10 Тамыз, 2024

Жаңа суперинтеллект жұмысын бастады

Әлемдегі ең беделді жасанды интеллект зерттеушілерінің бірі, ғалым Илья Суцкевер «Safe Superintelligence Inc» деп аталатын жаңа стартапты іске қосты. Биылғы мамыр айында өзі не­гізін қалаушылардың бірі болған «OpenAI» компаниясынан к­е­те­тінін хабарлаған ол көп ұзамай жаңа жобасын қоғамға көрсетті.

Жастар • 10 Тамыз, 2024

Жастар онкүндігі қалай өтіп жатыр?

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Осынау мереке қарса­ңында елімізде «Жастармен бірге» ұлттық онкүндік өтіп жатыр. Әр күнге арнайы тақырып бекітіліп, республика бойынша барлығы 5 мыңнан астам іс-шара жоспарланған. 3 тамыздан күні бүгінге дейін «Таза Қазақстан», «Жас келсе – іске», «Денсаулық – зор байлық», «Ғылым таппай мақтанба», «Мейірімділік мекені», «Адал азамат», «Еңбек бәрін де жеңбек», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атауымен түрлі жиын ұйымдастырылды.

Аймақтар • 10 Тамыз, 2024

400-ден астам жаңа үй тапсырылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысы Темір, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Ыргыз, Әйтеке би аудандарының ауылдарында болды.

Форум • 10 Тамыз, 2024

Олжас Бектенов: Орталық Азия елдері мен Жапония ынтымақтастықты кеңейтетін зор әлеуетке ие

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов «Орталық Азия + Жапония» диалогі бизнес-форумына қатысты. Форум алаңында Орталық Азия аймағы елдері мен Жапония делегацияларының 450-ден астам өкілі жиналды. Жапонияның іскер топтарынан «Toyota Tsusho Corporation», «Mitsubishi Heavy Industries EMEA», «Mitsui & Co., Ltd» ірі компанияларының басшылары мен менеджерлері, сарапшылар қауымдастығынан салалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Абай • 10 Тамыз, 2024

Ақыл-ойдың алыбы

Рухани тамыры терең, мәдени өзегі берік қазақ халқының ақыл-ойын жаңа шыңға көтеріп, өзінен кейінгілерге кемелдіктің жолын көр­сет­кен ғаламдық алып тұлға – Абай.

Өнер • 09 Тамыз, 2024

Мәдениет пен өнердің достық кеші

Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекет басшылары «Достық кеші» гала-концертін тамашалады.

Руханият • 08 Тамыз, 2024

Хакімді оқып, іске көш

Біз Абайды оқып, таңдай қағып, тамсанып болдық деп ойлаймын. Ендеше, сол бабамыздың өсиетін орындауға кірісу керек. Абай айтқан әрбір сөзді жете түсініп жатқан жоқпыз. Сырын ашайын деп жатқан Абай да жоқ. Кейбір кісілер айтып жатады ғой, жастық шақта, егде жасымда оқыған Абай екі бөлек деп.