
Тарих • 05 Тамыз, 2024
Біз 70-жылдардың басында мектеп табалдырығын аттағанда, бұған дейінгі қырдағы ескі мектеп кеңшар бөлімшесінің ауылшаруашылық техникасы ауласына айналған екен. Оның алдында 30-40-жылдардағы шағындау мектеп үйі қоймаға беріліпті. Бұл шақта ауылдағы тұңғыш мектеп – атамның қоржын тамының орны да қалмаған еді. Себебі аяулы мекенімізге түп-түзу үш көше түсіп, жаңа заман үйлері қаз-қатар тізілген-ді.
Поэзия • 05 Тамыз, 2024
Көк байрағымыздың биікте желбіреп тұрған сәті әрбір азаматтың жүрегіне қуаныш пен шаттық сыйласа керек. Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ту – ар-намыстың, ерік-жігердің күш-қуаты. Ақын Ғайса-Ғали Сейтақ ол туралы: «Еңкейіп кейде кеткенде, Көк туға қарап түзелем» деп ой айта келіп:
Тағзым • 05 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасы жоғары мектебінің білікті ұйымдастырушысы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, еңбек ардагері, қоғам қайраткері Күләш Құнантайқызы 94 жасқа қараған шағында бақиға озды.
Кітапхана • 05 Тамыз, 2024
Ақпарат әлемін ғаламтор билеп-төстеген бүгінде халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет. Нағыз білім қайнарының мәртебесін қайтару мақсатында Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Жылжымалы кітапхана» атауымен жаңа жоба қолға алынды. Аталған жоба аясында көптеген кітапханада іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылып жатыр.
Тұлға • 03 Тамыз, 2024
Басығара баласы Қанапия дегенде, көз алдымызға көзі көмір шоғындай, сөзі мірдің оғындай, екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы жігіт елестейді. Шынында, ол қандай кісі болды екен? Өткен күннен қалған суреттер жоқ. Бірақ ел аузында сақталған деректер бар.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» сарапшылары Қытайдың кедейлікті азайту тәжірибесімен танысты
«AMANAT» партиясының делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды және онда ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кедейлікті азайту орталығының жұмыс тәжірибесін зерттеді. Орталық өзінің инновациялық тәсілдерімен және осы саладағы маңызды жетістіктерімен танымал. Делегация құрамында «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшылары да болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 02 Тамыз, 2024
Әділдік және жауапкершілік – мемлекеттің де, қоғамның да айнымас темірқазығы болуға тиіс. Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын. Президенттің пайымдауынша, барлық салада әділдік болса, әлеуметтік теңдік орнайды, татулық пен келісім нығая түседі. Ал әділдік – ең алдымен, жұрттың бәріне бірдей құқық беру және жауапкершілікті баршаға тең жүктеу деген сөз. Басқаша айтсақ, жауапкершілік болмаса, әділдік те болмайды. Әркім өз ісіне, міндетіне жауапкершілікпен қараса, жеке азамат та, бүкіл ел де табысқа жетеді. Әділдіктің қуаты – осында.
Зерде • 02 Тамыз, 2024
Дәуір дидарындағы адамзат баласының ең ащы ышқынысы мен ең ауыр күрсінісі Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған уақытымен тұспа-тұс келеді. Ондағы қазақ халқының ерлігі мен өрлігі тарих бетінде алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Бұл жолы отан үшін отқа түскен ерлер, көпшілікке беймәлім Омбы жерінен аттанған бес қазақ – Төлебай Әжімов, Қайден Қарабаев, Великан Есмағамбетов, Темірбай Сүйінов , Өмірзақ Шалғынбаев пен Польша даласында жерленген Зәйкен Көпеевтің өмір жолы мен ерлігі хақында баян ететін боламыз.
Зерде • 02 Тамыз, 2024
Алаш полкінің командирі Адамбек Бекмұхаметов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Еліміздің Қытаймен шекаралас Шығыс шетіндегі шағын ғана Зайсан қаласында орналасқан, ескерткіш тақта орнатылған осы бір көне де еңселі ғимараттың бір жарым ғасырлық тарихы мен тағдыры бүкіл өңір тарихымен астасып жатыр. Ол еліміздегі Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірінен де жақсы сыр шертеді деп айтуға болады. Жұртқа түсінікті болу үшін әңгімені сәл әріден бастауға тура келеді.
Бизнес • 02 Тамыз, 2024
Су кәсібінің мәртебесі жоғарылады
Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін құру туралы қаулыға қол қойды. Естеріңізде болса биылғы сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіруге тапсырма берген еді. Оқу орны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.