Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23570 материал табылды

Мәселе • 28 Наурыз, 2023

Орман өрті – саладағы олқылық салдары

Халқымыз өртті «тілсіз жау» деп, оның айтып келмейтінін ескерткен. Сөйтіп, әрдайым қамсыз отырмауды тапсырған. Бұл құбылыстың далалы жердегісінен ормандағысы өте қауіпті әрі әлдеқайда зиян. Өрт ағаш басын шалып, күшіне енгенде гуілдеп, тарсылдап, үрейді алады. Желмен жарысып, шоқ пен жалынды алысқа лақтырады. Сөйтіп, барлық тіршілік көзін қуырып, аң мен құсты да отты уысынан құтқармайды. Бұл – аса зор табиғи апат. Қостанай орманын отқа ораған өрт үш күнге жалғасқан-ды. Қамсыздықтың арты қасіретті өртке қалай ұрындырған еді? Соның баянына назар аударалық.

Қазақстан • 27 Наурыз, 2023

KMF өз клиенттері арасында тұңғыш рет ұтыс ойынын өткізеді

Жаңа автокөліктер, Аста­на­дан пәтер және заманауи гаджеттер – KMF микроқаржы ұйымы «KMF-Qurmet Ниет­тестік» бағдарламасын іске қосып, оның аясында бірнеше қо­мақты сыйлықтың ұтыс ойы­нын өткізеді.

Қоғам • 27 Наурыз, 2023

Келер күнге бір сәлем

Бұл күндері жеке басымның сүйкімді тамыры, сұңғыла тамыршысы – Герольд Бельгердің көп жыл бойы түзген күнделіктер жинағы. «Тень дней минувших». «Мерекенің баспалар үйінен» 2015 жылы әсем безендіріліп басылған шоң дүние.

Егемен Қазақстан • 27 Наурыз, 2023

«Хат қоржын»

Руханият • 27 Наурыз, 2023

Жамбыл жырлаған «Қыз Жібек» жапонша сөйледі

«Қыз Жібек» лиро-эпосының Жамбыл Жабаев жырлаған нұсқасы жапон тілінде жарық көрді. Оны Жапонияның фольклортанушылар ассоциациясы мен Еуразия Жазу­шылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы Шарафат Жылқыбаева тәржімалады.

Дін • 27 Наурыз, 2023

Жарапазан қандай дәстүр?

Жарапазан  «Жә-Рамазан»,  яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан.  Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, ал қазіргі кезде ол қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі. Елімізде Рамазан айының қасиеті асқақтап, арамызда ораза ұстаушылар қатары жылдан жылға көбейіп келеді. Ата-бабамыздың бүгінгі ауыз әдебиеті арқылы мұра боп жеткен Жарапазан жыры қайтадан жаңғырып, ол жаңаша реңкке ие болады деген үміттеміз әрі ұлтымыздың көне дәстүрін жаңғырта жүруге шақырамыз.

Әскер • 27 Наурыз, 2023

Олимпиададағы оң нәтиже

Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының командасы ТМД жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының VII Халықаралық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті.

Парламент • 26 Наурыз, 2023

Ықпалды Парламентке нық қадам

Биылғы парламенттік сайлау шын мәнінде тарихта айрықша таңбаланып қалатын айшықты оқиға болды. Бұл демократиялық даму жолындағы биік белестердің бірі. Оның нәтижесінде енді Парламент Мәжілісінде бірден 6 партия халыққа қызмет еткелі тұр. Қазақстан тарихында заң шығарушы билікке ешқашан осынша көп саяси партия өтіп көрмепті. Бұл мемлекеттік мұратты, берекелі бірлікті, елдік құндылықтарды ту еткен текті халқымыздың тағылымды таңдауының арқасы.

Қоғам • 26 Наурыз, 2023

Көпбалалы анаға құрмет

Жақында Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің мамандары күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Спорт • 26 Наурыз, 2023

«Әскер барысы» атанды

Әскери қызметшілер арасында өткен «Әскер барысы» іріктеу турнирі Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубы – Спорт комитетінің Алматыдағы базасында ұйымдастырылды.