Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23570 материал табылды

Білім • 10 Сәуір, 2023

Элитарлық білім жолында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында «...мек­­тептердегі орта білімнің сапасын көтеруде, білікті педагог кадрларды даярлауды жетілдіруде дарынды жастарды іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына даярлау» міндетін күн тәртібіне қойған еді.

Сенат • 10 Сәуір, 2023

Іс-шаралар жоспары

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда VIIІ сайланған Парламенттің І сессиясына арналған Сенаттың негізгі іс-шаралар жоспары және 11 сәуірде өтетін Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

Туризм • 10 Сәуір, 2023

Көрікті жерлеріміз көп, бірақ келушілер аз. Неге?

Бүгінде әлем бойынша ішкі жалпы өнімнің 10%-ы туризмнен түсетіні белгілі. Бұл әлемнің дамыған ел­дері қызмет көрсету саласының кілтін таба білгенін аң­ғар­тады. Кейінгі жылдары елімізде де туризм сала­сы­на ерекше көңіл бөлініп келеді. Мысалы, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сай­ланған Парламенттің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын бірнеше маңызды бағытқа тоқталып, соның ішінде Үкімет пен Парламент туризмді дамыту мәсе­лесіне баса назар аударуға тиіс екенін жеткізді.«Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып демалуға әлі де жұрт­тың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деді Президент. Осы орайда туризм саласын ілгерілету ісіне тікелей қатысы бар сала мамандарының басын қосып, ұсыныс-пікірлерін, түйдек-түйдек ойларын оқырманға ұсынып отырмыз.

Ұстаз • 09 Сәуір, 2023

Ұстаз

Ұстаздық – ұлы мамандық. Адамзат жаралғалы, аспан мен жердің арасындағы әрекеттік, сөздік, іс-қимылдық, дәнекерлік пен дәргейлік қарым-қатынастардың бәрінде біреу үлгі, екінші біреу үлгі алушы. Қасиетті кітапта «әуелі сөз болған» деген тұжырым бар. Ал ол сөз күллі адамзат қауымының өмір сүру қасиеттерінің түпқазықтық қағидаты. Демек, қасиетті кітап сөзі – ұстаздық дастан. Ұстазымыз, академик Зейнолла Қабдоловтың: «Ұстаздық – ұлы нәрсе» деуінде ықылым заманнан келе жатқан ықылас пен ынтымақтың әр заманда уақыттық категорияға сай мазмұндық жағынан байып, пішіндік жағынан жаңғырып жатуы ойтірек болған.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2023

Жезқазғанды жаңарту жобасы

2017 жылғы наурыздың 23-інде алғаш рет Жезқазған – Қызылор­­да пойызы жолға шықты. Сол жолғы естіген әңгіме есімнен кетпейді. Жол-жөнекей мінген жолаушылардың бірі вагон сыпырушы келіншекті таниды екен, әңгімелесіп отырды.

Тұлға • 07 Сәуір, 2023

Алаштың біртуар ғалымы

Алаштың ардақты қайраткері, көшбасшы ғалымдарының – бірі Халел Досмұхамедұлы: «Бұл дүниеде түрлі да­нышпан, шешендер, шеберлер, батыр­лар, ақындар көп өткен. Осындай адам­дар өзіміздің қазақ арасында да аз бол­маған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңір­ген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», деп жазады. Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел үшін жан аямай еңбек еткен тұлғаны қастерлеу әрі ұлық­тау – бәрімізге ортақ парыз.

Пікір • 06 Сәуір, 2023

Тарих және тарихи тұлға

Адамзаттың басты құндылықтары барша адам баласына ортақ десек те, тарихқа, тарихи тұлғаларға көзқарас әлемде әртүрлі. Өкінішке қарай, көп жағдайда тарихты жасаушылар өзге елдерді қанға бөктіріп, өзіне бағындырған басқыншылар болып келеді. Көне, орта ғасырларда күштінің культі ерекше болды. Өзге елдерді басып-жаншу, бағынғысы келмесе, қырып-жою қалыпты жағдай болып есептелді. Ол үшін оларды ешкім кінәламады. Қайта көкке көтеріп, аңызға айналдырды. Осындай аңыздардың бірінде – Александр Македонский бүкіл жерді жаулап алып, жердің шетіне келеді. Жер біткен, ар жағында ештеңе көрінбейді, осыған өкінген патша: «Жаулап алатын жер жоқ, енді қайттым» деп жылапты дейді. Аңыздың басты мотиві – басқыншының данышпандығына, жаугерлік қабілетіне таңғалу. Әділдік, ізгілік, обал-сауап секілді ұғымдар әлі есепке кіре қоймаған секілді. Диктаторларға, тирандарға табыну дәстүрі қалыптасты. Бұл құлдық сана дәуірі еді.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2023

Қыстай қалтырайтын қала екінші Екібастұзға айналмай ма?

Осыдан отыз жыл бұрын... Қыстың қақ ортасында Ұлытау өңіріндегі жылусыз, сусыз, жарықсыз қалған қос қаланың бірі Сәтбаев қаласы еді. Араға отыз жыл салып сол күн­дер қайта оралып жүрмесе екен. Шындығына келгенде, мұндай қауіп жоқ емес...

Денсаулық • 06 Сәуір, 2023

Қауіпті инфекциядан сақтану жолы

Адамның иммунитет тапшылығының вирусы (АИТВ) инфекциясы жаһандық денсаулық сақтау мәселелерінің бірі болып қала береді. Бұрнағы жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 38,4 млн-ға жетті, ал бір жылдағы бұл инфекцияны жұқтырғандар саны – 1,5 млн адам.

Тарих • 06 Сәуір, 2023

Жәнібек және жалынды жастар

...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек. ...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек.