
Инновация • 26 Мамыр, 2023
Цифрлық сауаттылық - заман талабы
Қазіргі ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану ақпаратты өңдеу, коммуникация және онлайн ортада бейімделу қабілетімізді анықтайды. Әсіресе, Қазақстанда цифрлық сауаттылық мәселесі өзекті және ерекше назар аударуды талап етеді.
Инновация • 26 Мамыр, 2023
Соңғы онжылдықта цифрлық технология айтарлықтай дамып келеді. Әртүрлі салаларда жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Үлкен өзгерістер болған осындай бағыттардың бірі - фотосурет. Жоғары сапалы камералары бар смартфондардың пайда болуымен мобильді фотосурет немесе мобилография біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Дәстүр • 25 Мамыр, 2023
Жалпы, қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық мәдени рәсімінің бірі – Қымызмұрындық. Бұл да Наурыз мейрамы сияқты көнеден келе жатқан қазына. Дәлел ретінде келтірсек, Еуропа, Қытай, Парсы елдері тарихшылары мен саяхатшыларының, Геродоттың жазба деректерінде «Сақтардың ең жақсы сусыны – қымыз, ал үлкен тойы – Қымызмұрындық, деп жазылған. Мұндай деректер кейінгі ортағасырлық ғалымдардың еңбектерінде де көптеп кездеседі. Әсіресе Армения, Ресей тарихшыларының еңбектерінде көбірек айтылады. Бірақ бұл дәстүр кеңес кезеңінде дұрыс насихатталмады.
Тұлға • 25 Мамыр, 2023
Ғасырдан астам тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағы табалдырығын студент кезінде аттап, содан бүкіл саналы шығармашылық ғұмырын осы ұжымға арнап, осында табан аудармай еңбек етіп, зейнет жасына жеткенше қолынан қаламын тастамаған журналист Әділ Дүйсенбек бас басылым – «СҚ» – «Егеменнің» шырақшысы, жылнамашысы еді деп айтуға әбден лайық.
Білім • 25 Мамыр, 2023
Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жәдігер» орталығының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның авторлық бағдарламасы негізінде ашылған гуманитарлық қазақ мәдениеті лицейінің 30 жылдығына орай «І Алма Қыраубаева оқулары» өтті.
Жастар • 25 Мамыр, 2023
Алматыдағы №15 гимназияның оқушысы Тимур Қырбасов қала тарихын зерттеуге арналған бірегей қосымша ойлап тапты. Көше немесе аялдамаға жақындаған кезде қосымша автоматты түрде іске қосылып, нысан туралы пайдалы, танымдық ақпарат ұсынады.
Әскер • 25 Мамыр, 2023
Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу-әдістемелік жиындары шеңберінде әскер түрлерінің бас қолбасшыларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшыларымен, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерімен кеңес өткізді.
Жұмыс • 25 Мамыр, 2023
Жәрмеңке жұмыссыздықты азайта ма?
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бүгінде 453,5 мың отандасымыз жұмыссыз жүр. Оның 4,1 пайызы – 15 пен 34 жас аралығындағы азаматтар. Ал оқуға да, жұмыс істеуге де құлықсыз NEET санатындағылар саны 422 мыңға жеткен. Бұл елімізде себепсіз сенделген жастардың саны өскенін көрсетеді. Осы орайда Астанада жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Тұлға • 25 Мамыр, 2023
Жазушы Шерхан Мұртаза «Иірсу – Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс қақпасы» деп жазды. Ал Дәубаба болса – осы қорықтың оңтүстік-батыс қақпасы.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Алматыда әскери журналистердің жиыны өтіп жатыр
24 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде әскери басылымдарда қызмет ететін журналистердің оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.