Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24175 материал табылды

Пікір • 21 Қыркүйек, 2023

Ынтымақ түбі – ырыс

Мемлекет басшысы БҰҰ орнықты даму мақсатындағы саммитте Мажарстан Президенті Каталин Новакпен тең төрағалық етті. Көшбасшылардың бірінші сессиясында қазіргі жаһандану заманында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, сын-қатерлерді меңгеру, тұрақты дамуға байланысты тақырыптар көтерілді.

Пікір • 21 Қыркүйек, 2023

Жаңа экономикалық шешім керек

Мемлекет басшысы Жолдауында өңдеуші өнеркәсіп саласына басымдық берілетіні баса айтылды. Шикізатты өңдеу емес, тереңдетіп өңдеу, қалдықсыз өңдеу қажеттілігі тұңғыш рет көтерілді. Менің ойымша бұл міндеттерді жүзеге асыруға біздің технологиялық мүмкіндігіміз жетеді. Жолдауда көтерілген және шұғыл шешімін табуы салалардың бәрі біздің экономикамызға дем береді деп үміттенемін. Себебі біраз сала, соның ішінде IT сегментіндегі реформаны өз мамандарымыздың күшімен алға жылжытуға мүмкіндік бар. Лайықты маман кадрлар жетіліп қалды. Адами капитал да бар. Енді осы салаға инвестиция тартылса, біраз проблеманың күрмеуі тарқатылады.

Тәрбие • 21 Қыркүйек, 2023

Тәрбие тәртіппен ғана шектелмейді

Абайдың «Толық адам» ілімі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттермен айқындап берген «Толық адам» тұжырымдамасы шындап келгенде өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек.

Пікір • 20 Қыркүйек, 2023

Ұйымның рөлі айрықша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында осы аптаның басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сес­сия­сының жалпы пікірсайыстарына қатыс­­ты. Пре­зидент өз сөзінде халықаралық инс­­ти­тут­тарға негізделген жаһандық бас­қару­дың қол­даныстағы жүйесін тұрақтан­дыру үшін диалог пен дипломатияның маңызын атап өтті.

Басылым • 20 Қыркүйек, 2023

БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың ғасырлық болашағын айқындауға баса мән беруі керек

Біріккен Ұлттар Ұйымы осы­дан 78 жыл бұрын құ­рыл­ғаннан бері БҰҰ Бас Ассамблеясы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін әлемдегі ең ықпалды көшбасшылардың басын қосып келеді. Жыл сайын бұл саммитке жиналатын аттөбеліндей азаматтардың мойнына орасан зор жауапкершілік артылады. Сондай-ақ жиында, бір қарағанда, елеусіз болып көрінетін, ал шын мәнінде миллиардтаған халықтың тағдырын өзгерте алатын шешімдер қабылданады.

Пікір • 20 Қыркүйек, 2023

Ұлт келешегі үшін

Пікір • 20 Қыркүйек, 2023

Болашаққа бағыт-бағдар береді

Президенттің Жолдауында көңілге бірден қона кеткен мәселелерге тоқталар болсам, ең алдымен ауыл-аймақты дамыту мақсатында қолға алынғалы отырған бастамалар ұнады. Оның ішінде жергілікті биліктің әлеуетін арттырып, өз проблемаларын өздері жедел шешетіндей бюджет қа­рас­тыру жөніндегі тұжырымы – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.

Тарих • 20 Қыркүйек, 2023

Кенесары ханмен байланысты тарихи жерлер мен тың деректер

Кенесарыны жауы да құрметтеген. Оның есімі және көтерілісі сол уақыттағы Ф.А.Брокгауз бен И.А.Ефронның «Энцикло­педиялық сөздігіне» (1895), «Үлкен Энциклопедияға» (1902), «Әскери энциклопедияға» (1913), т.б. еңбектерге енген. Жергілікті басқа ұлт өкілдері де оның есімін көпке дейін есте­рінен шығара алмаған. Мысалы, «Бурабай» туралы белгісіз ақынның («Сибирская Швейцария», 1915) өлеңінде: «Где некогда «Отшельник» поселилсяВ землянке, у подножия горы,И до сих пор вертеп зловещий сохранилсяРазбойника Кенисары...» деп жырланады.

Тұлға • 20 Қыркүйек, 2023

Біртоға мінездің иесі

Жоны қар таудың баурайына орналасқан Қапал шәрісі жаратқанның жанарынан төгілген ақшуақ сәулеге малынады да тұрады. Табиғаты, әдеткі райы күліп қана жүретін биязы мінезді жанды елестетеді. Жазы – салқын, күзі – жайлы, қысы – қысқа, көктемі – ұзақ ғажайып өлке. Адамдары да қарапайым. Солардың арасынан ұзын күздік пальто киген, басында шляпасы бар, шашы иығын жапқан сымдай тартылған бір жігіт көзге оқшау көрінетін. Оның кім екеніне де сырттай қанықпын...

Тұлға • 20 Қыркүйек, 2023

Қалам қуаты

Қазақ әдебиеті десе, ең бірінші еске түсетін алыптар шоғыры бар. ХХ ғасырдың басында халқымыздың проза мен драматургиясын дамытып, биік белеске көтерген Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіреповтей ұлы классиктердің көзін көріп, соңынан ерген үркердей топтың ішінде есім-сойы ерекше аталатын, талғамы биік туындыгердің бірі – Әкім Үртайұлы Тарази. Сол бір күрескер, кіл суреткер топ қазақ әдебиетінде «бес тапал» деген атаумен аңызға айналды. Олар – Сайын Мұратбеков, Қабдеш Жұмаділов, Қалихан Ысқақ, Рамазан Тоқтаров сынды классик жазушылар еді. Оның алғы шебінде талғамы таудай Тарази тұр.