
Пікір • 29 Маусым, 2023
Парламент пен жергілікті өкілетті орган арасында тығыз байланыс болу керек. Қабылданған заңның төменге барған соң жұмыс істеуі, өміршең болуы өте маңызды. Ал аймақтағы депутаттар көптеген проблеманы бүге-шігесіне дейін біледі, тікелей араласады. Сондықтан заң шығару үдерісіне бірінші кезекте мәслихаттар депутаттары араласқаны дұрыс. Бұл заңдардың сапалы, халыққа жақын болуына ықпал етеді деп есептеймін.
Пікір • 29 Маусым, 2023
Бірінші кезекте – халық мүддесі
Қазір партия өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар тұлғаны таба білуі қажет. Ертең сайланып алған соң, халыққа ой айтпайтын, пікір білдірмейтін депутаттан не пайда?
Руханият • 29 Маусым, 2023
Халық шежіресі оның танымал өкілдерінің тағдырынан, соның ішінде ұлтты өрбітуде маңызды орынға ие әйел-аналардың ғұмырбаянынан да тұрады. Айша бибі, Домалақ ана, Қарқабат, Бопай, Қызай ана, Жүзей, Айғаным, Күнбике, Айбике, Зере, Аққағаз, Әлия мен Мәншүк, Дина өмірі – осының дәлелі.
Қоғам • 29 Маусым, 2023
Ташкент облысындағы қазақ мәдениетінің жоқшысы
Дәмір Ергешұлы Қалдыбаев 1953 жылы 20 мамырда Ташкент уәлияты Жоғары Шыршық ауданының Йік ата ауылында зиялы отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Ергеш тарих пәнінің мұғалімі болып мектепте, ал анасы Қаншайым байланыс бөлімінде, содан соң кітапханада жұмыс істеді. Алайда Дәмір олардың бес ұлы мен алты қызының ішіндегі тұңғышы болғандықтан әдеттегі қазақи дәстүр бойынша әжесі Қыздығойдың тәрбиесін көріп өсті.
Дін • 28 Маусым, 2023
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Саясат • 28 Маусым, 2023
Халықаралық менеджментті дамыту институты (International Institute for Management Development (IMD) 1989 жылдан бастап жыл сайын «World Competitiveness Yearbook» (WCY) әлемдегі бәсеке қабілеті туралы есепті жариялап отырады. Аталған құжатта бәсеке қабілетінің әртүрлі қырын өлшейтін 330-дан астам өлшем негізінде 64 елдің көрсеткіші салыстырылады. Мұндағы нәтижелер 57 институт желісі, бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган және ғалымдар арасында жүргізілген сауалнама мен 6400 басшының жауабына негізделген.
Қазақстан • 28 Маусым, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қызылорда облысында сауда және интеграция және ауыл шаруашылығы вице-министрлері, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, еліміздің барлық өңірі әкімдерінің орынбасарлары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары төрағаларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу мәселелері бойынша апта сайынғы жедел кеңес өткізді.
Пікір • 28 Маусым, 2023
Технология • 27 Маусым, 2023
Қандай да бір ғылыми жаңалық ашса, өзінен бұрын киносын шығаратын Американың балалары жасаған ChatGPT біраз уақыттан бері қызу талқыға түсіп, көптің көкейіне орнықты. Одан бұрын да жасанды интеллект туралы жазбалар жаһанды жалпағынан басып жүрген-тін. Солардың арасында жасанды интеллект журналистика саласындағы жұмыстарды өздігінен мойнына алып, көптеген журналистерді «аш қалдырады» деген сыңайлы әңгімелер бар...
Пікір • 27 Маусым, 2023
Ұлы дала мен Мысырды жалғаған даналық
Иә, Мысыр астанасы Каир қаласындағы Байбарыс мешіті Ұлы даланың осы елдегі даналық шамшырағы-сынды. Елді талай жыл билеген Байбарыс сұлтанға мысырлықтардың құрметі ерекше екеніне талай рет көзіміз жетті. Әсіресе Қазақстан Үкіметінің қолдауымен күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта ашылған «Сұлтан Аз-Заһир Байбарыс» мешіті ХХІ ғасырда тарих пен дәстүрді құрметтеудің рәмізі болмақ.