Тарих • 16 Қазан, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары неміс фашистері Германияда және өздері басып алған мемлекеттерде барлау мектептері мен курстарының үлкен желісін құрды. Мұндай мектептер уақытша басып алған кеңестік республикалар мен облыстардың аумағында да қанат жайды. Бұл мектептерде фашистер диверсанттар мен тыңшыларды, шпиондарды даярлады.
Әскер • 16 Қазан, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысы мен батысындағы гарнизондарда болды
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әкімдермен кездесіп, әскери бөлімдер мен мекемелердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді.
Жастар • 16 Қазан, 2023
IT-индустрия өкілдерімен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Бұл – шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін азаматтарымызды біріктіретін жоба. Олар қазір елордамызда өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін Астанаға арнайы келген.
Үкімет • 16 Қазан, 2023
Мемлекетаралық байланыстың негізгі мәселелері
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауи мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Парламент • 16 Қазан, 2023
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2023
Ауыл шаруашылығына кешенді көзқарас қажет
Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан қордаланған мәселе баршылық. Тіпті көп десе де болады. Енді сол мәселелердің ең негізгілерін ретімен санамалап шықсақ дейміз.
Қазақстан • 16 Қазан, 2023
«Air Astana»: акцияның бір бөлігі IPO-ға шығарылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Air Astana» АҚ акцияларының бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру жоспарлары талқыланды.
Саясат • 16 Қазан, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті.
Тұлға • 15 Қазан, 2023
Қазақтың жаңа дәуірдегі ұлы күйшілерінің бірі, Тәттімбет мектебінің озық өкілі Әбікен Хасеновтің өмір сүрген кезеңі «зар заман» емес, нағыз «кер заман» болды. Көзі тірісінде қолына домбыра ұстағанның алды саналған дара күйшінің өмірі де, шығармашылық тағдыры да әлі күнге дейін сыры ашылмаған сандықтай құпиясы көп. Әбікен туралы кімдер қалам тербемеді? Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Уәли Бекенов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, Тәкен Әлімқұлов, Жүсіп Алтайбаев, Ақселеу Сейдімбек, Өмір Кәріп, Кәмел Жүністегі... Рас, күйтанымға, ғылымға берері ересен осынау құнды еңбектердің бәрінде оның асқақ тұлғасы, шалқар сазгерлігі, азаматтық мінезі жақсы суреттеледі.
Қазақстан • 15 Қазан, 2023
15 қазанда сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 дана бекіре тұқымдас балықтарды тапқан.