Үкімет • 02 Қараша, 2023
Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттің борыштық міндеттемелері және оларды әрі қарай азайту іс-шараларына тоқтады.
Парламент • 02 Қараша, 2023
Жаңа инвесторларға қойылатын талаптар
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін болған брифинг барысында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның одан әрі қызметі жөніндегі жоспарларын айтты.
Саясат • 02 Қараша, 2023
Түркістан қаласында үкіметтер басшыларының орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 24-отырысы өтті.
Саясат • 02 Қараша, 2023
Франция президенті Эмманюэль Макрон сәрсенбіде, 1 қарашада Қазақстан елордасы Астанаға ат басын тіреп, бірқатар ірі келісімшартқа қол қояды. Франция – аталған елдің Орталық Азиядағы жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі.
Денсаулық • 01 Қараша, 2023
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жыл сайын бүкіл әлемде 150 мың адам, көбінесе 10 жасқа дейінгі балалар қызылшамен ауырады. Сондықтан кез келген адам, әсіресе, кішкентай балалардың ата-аналары қызылшаның қандай ауру екенін білуі керек.
Ғылым • 01 Қараша, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры құрылыс нысандарында рұқсат етілген нормадан асатын шуды анықтайтын автоматты жүйені әзірлеп жатыр. Жоба авторының айтуынша, аталған жүйе құрылыс компанияларына тиісті ережелерді сақтауға септігін тигізеді. Әрі шудың салдарынан қолайсыз күйге түсетін тұрғындарға да жәрдемі бар.
Жастар • 01 Қараша, 2023
Жаһандану үдерісі жеделдеген сайын көп тілді меңгерудің маңызы да арта түсті. Бұл үрдіс біздің жастар арасында қарқынды тарала бастады. Сондай талапты азаматтың бірі – он екі тілді меңгерген Мейіржан Таштай.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Жақында Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында республикалық «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестиваль өтті.
Мәдениет • 01 Қараша, 2023
Театр өнерінің ішінде бізге атауы ертеден-ақ таныс болғанымен елімізде бұған дейін қолға алынбаған сала бар, ол – көше театры. Аты айтып тұрғандай мұнда қойылымдар далада, ауқымды кеңістіктерде, мереке-жиындарда көрсетіледі. Тарихы тереңде жатқан көше театрларының бастауы сонау б.д.д. Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне арналған салтанатты мереке, сондай-ақ Шығыс елдерінің ұлттық дәстүрлерінен туындаған ең алғашқы қойылымдары еді. Сол сияқты Қайта өрлеу дәуіріндегі карнавалдық мерекеден дамып, өзінің ерекше формасымен танылған италиялық комедия дель арте театры көше театрына жатады. Өткен ғасырлардағы қазақ топырағында орын алған көші-қон кезіндегі салттарда да, сал-серілердің өнерінде де көше театрларының элементтері мол. Жалпы, қалыптасу тарихының алғашқы күндерінен-ақ әрбір ұлттың кәсіби театрының дүниеге келуіне ықпал еткен театрдың бұл түрі қазіргі уақытта өнердің бір саласы ретінде кеңінен дамыған. Бүгінде көптеген елде көше театрлары фестивалін өткізудің қолға алынуы да сондықтан. Яғни променад, флешмоб, хэппенинг, site-specific, энвайронмент, боди-арт сияқты түрлі жанрлар мен бағыттарды бойына жиған бұл өнерде көшелерде, зауыт-фабрикаларда, базарлар мен белгілі бір кеңістіктерде өнер көрсету арқылы халықтың өнерге деген қызығушылығын тудырып, сол халықпен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік мол.
Сараптама • 01 Қараша, 2023
Отандық ғылым: деңгей мен әлеует
«Талдау қызметі сапалы жүргізілсе, мемлекеттік басқарудың тиімділігі арта түсері сөзсіз. Мемлекетке кешенді түрде жүргізілген зерттеулер мен ұсынымдар өте қажет. Бұл маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп, елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін айрықша маңызды». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында айтқан бұл сөзі мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы талдамалық зерттеулердің маңыздылығы мен өзектілігін нақтылай түсті. Бұл әсіресе ғылыми салаға қатысты болмақ.