
Ғылым • 19 Ақпан, 2025
Ғылым – тәуекелі жоғары инвестиция
Қазір әлемде қалыптасқан жағдай технологиялардың тиімді трансфертін өз жағдайымызға бейімдеуді қажет етіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды, білімді жастарды қолдау мемлекеттік стратегияның басым бағыттарының біріне айналып отырғанын үнемі назарда ұстап келеді.
Университет • 19 Ақпан, 2025
70 пайызға дейін жеңілдік береді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі саласындағы оператор – «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім шеңберінде университет «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қатысушыларына оқуға 70 пайызға дейін жеңілдік береді.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Салықтық-бюджеттік реформаларға дайындық тақырыбы өңір-өңірде қызу талқыланып жатыр. Үкімет өкілдері жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныс, пікірін тыңдап, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап беріп келеді.
Пікір • 18 Ақпан, 2025
Сарапшы: Күтіп отырғанымыз – толыққанды үшжақты келіссөз
– Кейбір сарапшылар 1932 жылғы Мюнхен келісімімен салыстырмалы түрде ұқсастық іздеп жатыр. Егер Украина қатыспайтын болса, келіссөздер аталған келісімнің мүдделеріне қайшы келуі мүмкін дейді. Біз білетіндей Мюнхен келісімінде Еуропа, оның ішінде Франция мен Ұлыбритания Германияға Чехословакияны «құрбан» еткен еді. Чехословакияның 38 пайызы Германияның құрамына өтіп кетті. Сондықтан мұндай келіссөздер Киевтің қатысуынсыз екіжақты форматта өтетін болса, Украинаның негізгі басымдықтары мен ұстанымдарына қауіп төнеді.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Астана қаласында «Taldau Run» спорттық жүгіру жарысы өтті. Спорттық іс-шараға Сарапшылар клубының мүшелері, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлектері және саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, депутаттар 20 ақпандағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Ғылым • 18 Ақпан, 2025
Ғалымның мақаласы емес, жаңалығы қымбат
«Scopus», «Web of Science» дерекқорларында индекстелген журналдар ғылымға қандай пайда әкеледі? Жаңалығы жоқ мақала жазу формализм емес пе? Аталған ғылыми журналдарға мақала жариялауды докторанттарға міндеттеп, ол болмаса қорғауға жібермегеннен кім ұтады? Осындай сұрақтар көпшіліктің көкейінде жүргені анық.
Инфографика • 18 Ақпан, 2025
Транзиттік дәліздің тартымдылығын арттырудың жөн-жобасы
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміз Еуразия кеңістігінде көлік-логистикалық хабқа айналуы керектігін айтты. Ол үшін халықаралық транзиттік дәліздердің сапасы тиісті талаптарға сай болуы шарт. «Транзиттік дәліздердің тартымдылығын қалай арттырамыз?» деген тақырыпта «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында өткен дөңгелек үстелде елдегі транзиттік бағыттардың ахуалы қандай деген сауалға жауап іздедік. Жиынға Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков, Көлік министрлігі Көлік саясаты департаменті директорының орынбасары Сәтжан Өзбеков, Автожол комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр, Теміржол комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов, «Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы» төрағасы Бағлан Баймағамбетов, Қазжол ҒЗИ вице-президенті Нұржан Мұқаев, Қазжол ҒЗИ Цифрландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің журналисі Сұлугүл Бәкесова қатысты.
Руханият • 18 Ақпан, 2025
Мұстафа Шоқай мен Әли Мардан бек Топчибашы (ӘlimӘrdan bәy әlәkbәr oğlu Topçubaşov) есімі түбі түркі халықтарының тәуелсіздік жолындағы күресінің ең бір көрнекті өкілдері ретінде тарихтан мәлім. Мақсат-мүдделері бір қос тұлғаның түркі мемлекеттері мүддесі жолындағы күрескерлік рухы әлі де өзінің маңызды рөлін жоғалта қойған жоқ.