
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Атырауда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Атырау қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Атырау облысында рухани-адамгершілік құндылықтар дәріптелді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2023 жылдың 02-06 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 12 Қазан, 2023
Еліміздің IT держава атануға деген ұмтылысы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді орындап жатыр. Әлемдік деңгейдегі IT экожүйесін құруға бағытталған қызметтің негізгі бағыттары да айқындалған. Бұл ретте еліміздің IT экожүйесін құруға бағытталған инновациялық саясатын енгізу және жүзеге асыру бойынша кешенді қызмет басталғанын атап өткен жөн. Ол бес негізгі элементті қамтиды.
Үкімет • 12 Қазан, 2023
Республикалық бюджет жобасы қаралды
Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік орган және өңірлердегі атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Сенат • 12 Қазан, 2023
Шағын және орта кәсіпкерлік мәселесі
Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» ҰКП және бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Заң • 12 Қазан, 2023
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Жиында мемлекеттік марапаттар, қорғаныс өнеркәсібінің авиациясы және қорғаныс тапсырысы мәселелеріне қатысты заң талқыланды.
Пікір • 11 Қазан, 2023
ЛЕБІЗДЕР ЛЕГІ: Түркі елдерінің ынтымағы
Кейінгі жылдары бір атадан тараған күллі түркі халқының байланысы өзара сенімнің биік дәрежесіне көтерілді деуге болады. Мемлекеттер арасында бауырластық, достық пейілден бөлек, стратегиялық қарым-қатынас орныға түсті.
Пікір • 11 Қазан, 2023
ЛЕБІЗДЕР ЛЕГІ: Байланысты нығайту маңызды
Ана тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін қаймағы бұзылмаған күйде сақтап келген Моңғолия қазақтары да игі істің алдыңғы қатарында жүр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы Моңғолия қазақтарының бір бөлігі тарихи отанына оралды. Ұрпақтар өсіп-жетілді.
Тұлға • 11 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр» деген болатын. Сондықтан өңірлердегі реформалардың нәтижелі болуы жергілікті басқарушы элитаға, оның сапасына байланысты. Осы ретте еліне қалтқысыз қызмет еткен мемлекетшіл тұлғалардың дара жолы – қазіргі және болашақ саяси мемлекеттік қызметшілер бой түзейтін тағылым болары айқын. Сондай тұлғалы азаматтардың бірі ретінде Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларында басшылық қызметтерде іскерлігімен, парасаттылығымен ерекше із қалдырған, жұртшылықтың ықыласына бөленген Рамазан Нұржановты айтар едім.
Зерде • 11 Қазан, 2023
«Ханның бәрі Абылай емес, батырдың бәрі Ағыбай емес» деген екен бұрынғылар. Осы бір ауыз сөзден Ақжолтай атанған Ағыбай батырдың биік мәртебесін тануға болады. Талай-талай шайқастарда қасарысқан қас дұшпанды қаусата жеңген Ағыбай батырдың ісі аңызға, аты ұранға айналған еді. Елдің еркіндігі үшін қалың қазақты ұрысқа бастаған Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында өмір сүрген.