Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20309 материал табылды

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022

Қай қырыңды айтайын, Ақантайым!

Зымыран уақыт Сені көзден тасалап, ортамыздан біржолата алыстат­қанына да талай жылдардың тізбегі өтіпті-ау. Мінеки, қоңыр күздің басынан-ақ азаматын қастерлеп, төбесіне көтерген жұртың Сенің де сексен деген белестің биігіне шығар қарсаңында өзіңсіз тойлай бастапты. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») табыстырған Жеті жетімнің түгел кезінде де, қайта оралмас кемеге мініп кеткен Оралхан мен Кәрібай­лардан кейін де мерейтойларың деп, басқа да себептермен өзің мақ­танышпен сар даласын, қырат-қырқаларын талай көрсеткен Жаңаарқаңда дүбірлі думан өткізіпті. Ел болып, Алматы, Астанаң әлі тойлар. Өйткені халқың Сенің қыруар еңбегіңді, өзіңнің қадір-қасиетіңді бағалай білген, бағалай береді де.

Әлем • 14 Қыркүйек, 2022

Путин ІІ Елизаветаның жерлеу рәсіміне шақырылмай қалды

Ресей Ұлыбритания патшайымын соңғы сапарға шығарып салуға қатыспайды. Өйткені ел президенті мен Кремль өкілдері патшайыммен қоштасу рәсіміне шақырылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2022

Қордың көмегі қомақты

Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық ауруханасының базасында инсульт орталығын құруға және қондырғылармен қамтуға 1 млрд теңге бөледі. Ал алапат өрт кезінде баспанасынан айырылған отбасылар 1 млн теңге көлемінде атаулы көмек алады.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2022

Ендігі үміт – Үкіметте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған барлық мәселенің терең сараланған негізі бар. Соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне нақты көңіл бөлініп, қордаланып жатқан проблемалардың шешілу жолдары айқындалды.

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022

Азаматтық құндылықтың маңызы

Ежелгі қоғамға да, қазіргі қоғамға да тән қайшылықтардың бірі – либералдық және дәстүршіл көзқарастарды жақтаушылар арасындағы идеологиялық тартыс. Ғылыми еңбектерде бұл конфронтация әдетте «жаңа – ескі», «модернизм – консерватизм», «реформалар – тоқырау», «өзгерістер мен дәстүрлер», «дәстүрлер мен модернизация» тағы басқа балама сөз тіркестерімен сипатталады. Бірақ қандай тілдік тіркестер қолданылса да, бұл бір жағынан қалыптасқан дағдылар, екінші жағынан оны өзгертуге ұмтылған жаңаның арасындағы қарама-қайшылықты білдіреді.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2022

Қайтарылған қаржыға мектеп салынады

Мемлекет басшысы көтерген мәселелер қазақстандық­тарды енжар қалдырған жоқ. Осы тұрғыда «Жаңа Қазақстанның» негізгі ұғымында келешекте Президенттің жеті жыл мерзімге және қайта сайлану құқығынсыз таңдалуы жатыр деп ойлаймын.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2022

Жолдауда жаңалық көп

Президенттің әр Жолдауынан жақсылық күтеміз. Халық, мемлекет үшін қандай жаңалық болар екен деп тапжылмай отырып тыңдаймыз. Бұл жолғы Жолдау да елді елең еткізді.

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022

Қазақстан-Қытай: Қарым-қатынастың жаңа деңгейі

Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары халықаралық қарым-қатынас саласындағы бетбұрыс кезеңінде және әлемдік экономиканың тербеліс жағдайында өтейін деп отыр. Сондықтан бұл сапардың мән-маңызы ерекше.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022

Қуатты елдің ұлттық болмысы

Біз қоғам дамуының айрықша кезеңінде Президентіміздің бастауымен Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құрудың жолына түстік. Халық тарапынан қолдау тап­қан конституциялық реформа бұған толық мүмкіндік берді. Әділетті мемлекет – әділетті қоғам құру іс жүзінде көрініс табатын нақты идея. Бұл идея сана­ға терең орнығып, өмір сүру философиясының өзегіне айналуы үшін мемлекет­тігі­міз­дің іргесін қалаған ежелгі тарихи және мәдени құндылықтарды қайта жаң­ғыр­ту басты міндет екенін сезінгеніміз жөн. Осы мақсатта ұлт ұясы Ұлытауда ға­­сыр­лар қойнауында сақталған рухты оятып, жаңа кезеңде басты бағдар етіп ал­­дық. Өйткені Алтын Орда парадигмасы негізінде аз ғана уақыт ішінде Еура­зия кеңістігінде қоныстанған халықтарды бір арнаға түсірген бірлік пен тұтас­тық идея­сы жатыр. Ұлытауда жаңғырған ұлы рух мемлекетімізді кемел келешек­ке бас­­тай­тыны анық. Сондықтан біз ұлттық мүддеге ғана жұмыс істейтін мемле­кет моделін темірқазық етіп, алдымызға биік мақсат қойып, зор үмітпен алға жылжыдық.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2022

Бекасыл әулие

Биыл Бекасыл Биболатұлының туғанына 200 жыл толады. Оның мерейтойы осы жылдың қыркүйек айының 17 жұлдызында туған жерінде халықаралық қазақ-қырғыз зиялыларының V форумының аясында аталып өтіледі деп күтілуде.