Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23521 материал табылды

Саясат • 19 Қазан, 2023

Цифрландыру жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру cыбайлас жемқорлыққа тосқауыл бола ала ма? Әр азаматтың бойында бұл дертке қарсы иммунитетті қалай қалыптастырамыз? Жемқорлыққа қарсы тұру мәдениеті дегеніміз не? Қоғамда бұл кеселмен күресуді насихаттау қай бағытта жүргізілгені дұрыс? Осы сұрақтарға әділет органдарында іске қосылған іс-шаралар жоспары көрсеткішінде жауап берсек.

Елорда • 19 Қазан, 2023

Астана әуежайы ірі мультимодальді хабқа айналады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркіс­тан облысына жұмыс сапары барысында шетел­дік инвестор – БАӘ-нің «Terminals Holding» компа­ния­сымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жө­ніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Үкімет • 18 Қазан, 2023

Комитеттің көшпелі отырысы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депу­тат­тары Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында көшпелі отырыс өт­­кізіп, «Республикалық ғарыштық бай­­ла­ныс орталығы» АҚ ұжымымен кездесті.

Республика күні • 18 Қазан, 2023

Дербестік декларациясы

1990 жылдың 25 қазан күні қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік Республи­касының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» қазақ халқы үшін тарихи сәт болды. Артынша осы Декларация мен Конституцияға сәйкес елдегі өкімет билігі толығымен кеңес орындарының қолына көшірілді.

Зерде • 18 Қазан, 2023

Еңсегей бойлы Ер Жауғаш

Еліміздің қалмақтармен бірнеше ға­сырға жалғасқан, бірде үзіліп, қайта өршіп отырған шайқасы 300-350 жылға созылыпты. Әбілғазы баһадүр 1603-1604 жылдары қалмақ әскері Хо­резмге шабуыл жасады деп жазады. Қал­мақ қолының қазақ жері шекарасынан бойлай өтіп, Орта Азия аумағына дейінгі кеңістікке сұғынып кеткенін баяндайды. Оларға қатты соққы берген Есім хан бастаған қазақ әскері 1627 жылы қалмақтарға шабуыл жасады, қалмақтар амалсыз кейін шегінеді. Бұдан кейін Жоң­ғар одағын құрған қалмақтармен бір­неше жойқын ұрыс, кескілескен майдан болғаны тарихтан мәлім.

Театр • 18 Қазан, 2023

«Гауһартас» Шымкентке келді

Халқымызда «Өмір қысқа, өнер мәңгілік» дейтін қанатты сөз бар. Мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Қорқыт күйлері, алты ғасыр асса да, ешқашан ескіре қоймайтын Асан қайғы толғауы мен кешегі өткен Құрманғазы күйлері, Ақан, Біржандардың әсем әндері де елмен бірге мәңгі жасасып келеді емес пе? Өнердің мәңгілігі де осыдан екендігі аян. Ал театр туралы сөз қозғасақ, ол – әрине, ғажайып дүние. Драма­лық әрекеттер арқылы өнер көрі­ністерін көрерменнің көз алдына актер­лер күшімен бейнелейтін сахналық киелі өнер деп білемін.

Руханият • 18 Қазан, 2023

Сарғайған суреттер сыры

Көптеген отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан жазбалар, қойындәптерлер, ашықхаттар, бәзбіреулерінде, тіпті жеке жанның қағазға түсірген сырға толы күнделіктері барына күмән келтірмеймін. Олар – әрбір шаңырақтың шежіресі, тарихы, дастан-архиві, өткен күндердің жарқын елесі, кейбір жандардың ешкімге жария етпеген құпия сыры, жүрек түбінде бұғып жатқан алтынға бергісіз қымбат, асыл дүниесі десек те болады. Кей отбасыларда атадан балаға мирас болып келе жатқан көне фотосуреттер, қолжазбалар, хаттар, кітаптар да сақталған. Соларды көз қарашығындай сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп жүрген азаматтардың ұқыптылығына, игілікті ісіне шексіз риза боласың.

Тағзым • 18 Қазан, 2023

Ер есімі ұмытылмайды

Баласағұн бабамыздың «Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артына жақсы ісі мен жақсы сөзін қалдыруы керек» деген тәлімді сөзі бар. Сондай игі жақсының қатарына Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Жүсіп Бұзаубаевты да қосуға болады.

Егемен Қазақстан • 18 Қазан, 2023

«Хат қоржын»

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Елордада медиа саласының мамандарына арналған семинар өтті

5 түрлі бағытты қамтыған «Цифрлы дәуірдегі журналистика: әдістер мен инновациялар» атты семинар екі күн бойы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.